• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 08:32:26
Алматы
+12°

12 Қараша, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Олжас Сүлейменовті мазаламайық!

Заңға бағынайық. Өркениеттілікке ұмтылайық. Олжас ағамызды мазаламайық.

Олжас Сүлейменовке батырып ақыл айту күшейе түсті. Талантты әрі ұзақ ғұмырын ұлтының өсіп- өркендеуіне арнаған тұлға қайғысын ешкімнің басына бермесін. Сол көлік апатын бәріміз көрдік. Жол ережесі бұзылды. Әрине, кім бұзбай жатыр дерміз. Әркімнің басында болған жай. Сол сәтте өлім мен өмір арасында отқа оранған Ескендірге айналасындағы жұрт жүгіріп жетіп, қол ұшын беруге жанұшырды. Бірақ, жол ережесін бұзған полковниктің қызы Ескендірге жоламады. Бірден телефонына жармасты. Оның телефоннан кіммен ұзақ сөйлескені белгілі. Және осы оқыс жағдайдан құтылудың штрих шешімдері айтылған да шығар. Ал, сол кезде арманға толы жас ғұмыр қиылды.

Адам. Адамгершілік. Қиналғанға қол ұшын бер. Меніңше, мәселе сонда. Бұл – қоғам қасіреті... Зайырлы қоғам Батыста, бізде емес дегенге сигнал.

Сотта полковниктің қызы жол ережесін бұзғанын мойындады. Өкінішпен жылап, кеш болса да кешірім сұрады. Қайғы шеккен жақта да уәж аз емес. Ендеше біз оған неге араласамыз? 

Қазақшылыққа салып: "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" демекші, бұл жас қызды соттатып, темір тордың артына отырғызғанда немересі қайта келмейді», - деп үкім шығарамыз. Тіптен мотоциклді қатты жүргізген марқұм Ескендір өзі кінәлі деушілер де шықты.

Біз кімбіз? Заң бәріне ортақ болсын дейміз де, ежелгі қазақшылықтан шыққымыз келмейді. Ақыл айтамыз.

Қандай жағдайда да Заң үстемдігі болуы тиіс. Олжас ағамыз да соны айтып, сотқа барудан бас тартты. Немересі Ескендірі туралы жүрек жылайтын эссесін оқыңыздар. Түсінерсіздер ұлы тұлғаның жан тебіренісін.

Егер мотоциклде Олжас ағамыздың немересі болмағанда бұл оқиға үш күннен соң екі жақтың келісімімен жабылып қалар еді. Ешкім ол туралы ештеңе білмес еді. Ондай жағдай болған, бола береді де. 

Бүгінгі зиялымын дейтін замандастар ескінің көлеңкесінде қалып қоймаса деп ойлаймын. Заңға бағынайық. Өркениеттілікке ұмтылайық. Олжас ағамызды мазаламайық.

Махат Садық

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір