• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 04:54:55
Алматы
+12°

28 Қараша, 2018 Әлем

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов өзінің «Khabib time» автобиографиялық кітабының таныстырылымын өткізді. деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-тың деректерін негізге алып. Автобиографиялық кітап 10 желтоқсаннан бастап оқырман назарына ұсынылады. Хабибтың айтуы бойынша, бұл кітапта чемпионның бала кезінен бастап чемпион атануына дейінгі сара жолы туралы жазылған. 

Аталмыш кітапты Хабиб осыдан 2 жыл бұрын Заур Құрбановпен бірге жазып бастаған. Чемпион бұл кітапты жазуға тәуекел еттік. 

"Кітапты 2 жыл бұрын жазып бастаған кезде мен өзімнің чемпион атанатыныма 100 пайыз сенімді болмадым. Алда не болатынын Құдай ғана біледі ғой. Сол себепті бұл кітапты жазу үлкен тәуекелді қажет етті. Кітап жаза бастаған кезде мені сынға алғандар көп болды. Себебі мен әлі чемпион болмаған едім. Ал қазір маған ешкім ештеңе дей қоймас", деп жазды Хабиб өзінің инстаграм парақшасына. 

Кітап 300 беттен тұрады. «Ішімдік сатқаннан гөрі, кітап жазып сатқан жақсы. Мен өз кітабымды рахаттанып оқимын. Өзім жазсам да, әлі бастан аяқ оқып шықпадым» дейді Хабиб Нұрмағамедов.

Сонымен бірге чемпион Конор Макгрегормен арадағы болған жайттарға қарамастан, Конорды жау деп есептемейтінін де айтып өтті. «Конор маған жау емес. Мен 2016 жылы маған келімшарт ұсынылғаннан бастап оны өз қарсыласым ретінде көрдім. Оның не айтқаны, не жазғаны маңызды емес. Себебі күшіктер әрнәрсеге үре береді, алайда оған ешкім мән бермейді. Мен сол жекпе-жекте жеңіліске ұшырар едім, алайда берілуге намысым жібермеді» дейді Хабиб.

«Мен жекпе-жектен кейін Конормен кездеспедім. Не үшін кездесуім керек? Ал Лас-Вегасты дүрліктірген жайтты мен сырттай қарап отырған болсам қарсы болар едім. Алайда сол уақытқа қайта оралсақ мен ештеңені өзгертпес едім. Сол әрекетімді қайталаймын» дейді Хабиб.

Еске салсақ, 7 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов  Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңген болатын. Мұны кұтпеген жанкүйерлер шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтың арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелесске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Дорогие мои подписчики. Очень рад объявить о том, что моя автобиография “KhabibTime” готова и подписана в печать. Мы работали над книгой 2 года. И когда мы начинали писать книгу с @z_kurbanov мы не были уверены что через 2 года я буду бойцом уже выигравшим титул чемпиона #ufc и защитившим его в самом большом бою в истории #мма на #ufc229 Тогда многие говорили: зачем так рано книгу писать, для начало хоть стань чемпионом и т д в общем критиков хватало, и признаюсь это было рискованно, но на данный момент, это книга имеет место БЫТЬ, так скажем. С небольшим волнением жду, когда смогу держать её в руках, а презентация книги состоится на бизнес-форуме #SynergyGlobalForum2018 в Москве уже 26 ноября. До встречи в «Олимпийском». #KhabibTime

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір