14 Қаңтар, 2019 Әлеумет
Бүгіннен бастап Алматыда асықпай 60-пен жүретін боламыз
Алматының Саин және әл-Фараби көшелерінде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болмайды.
15 қаңтардан бастап Алматының Саин және әл-Фараби көшелерінде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болмайды. Бұрынғы 80 саны енді бүгіннен бастап, 60-қа ауыстырылып жатыр. Мұның себебі неде?
Дерекке жүгінер болсақ, қазіргі кезде жол-көлік апатының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен, яғни жылдамдықтың артуынан орын алып отырғаны белгілі. Сондықтан Алматының ішкі істер департаменті осындай қадамға барып отыр. Бұл туралы жақында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те мәлім еткені белгілі.
Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтана Әзірбектің мәліметінше, әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимін сағатына 80-нен 60 шақырымға түсіру арқылы жолдағы уақыт тек екі минутқа артатынын айтады.
–Егер осы екі минут бір адамның болсын, өмірін аман алып қалуға мүмкіндік беретін болса, онда жылдамдық режимін өзгерту шарасы дұрыс шешім деп ойлаймын. Осыған байланысты алдағы уақытта адам қауіпсіздігі үшін басқа да шаралар жасалынатын болады,– деді Салтанат Әзірбек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір