• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:49:05
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2019 NEWS

Kaspi bank 5 баласынан айырылған ата-ананың несиесін жапты

Өрт салдарынан 5 баласынан айырылған астаналық Ситерлер отбасының 4 банктен алған несиесі бар екен.

Өрт салдарынан 5 баласынан айырылған астаналық Ситерлер отбасының 4 банктен алған несиесі бар екен. Оның бірі - Kaspi bank. Қалған үшеуі белгісіз.

Бүгін Kaspi банк басшылығы отбасының қайғысына ортақтаса отырып, аталмыш банктен алған несиелік қарызын түгел жабуға шешім қабылдапты. Бұл ақпаратты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне банк өкілдері растады.

"Біз бұл қайғылы жаңалықты естіп таң қалдық. Kaspi.kz-тің басшылығы Ситерлер отбасының несиелері бойынша қарызды жабу туралы шешім қабылдады", - деді банк өкілі.

♦«5 баланың өлімі сенің мойныңда, Мадина Әбілқасымова!»

Айта кетейік, қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.

Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.

♦Тірідей өртеніп кеткен 5 баланың үлкені Альбинаның хаты...

Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.

Бүгін Астана қаласында 5 баланы жерлеу рәсімі өтті.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір