• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 18:31:20
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

05 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Жотаңа жабысқан шоңайнаны денеңе батса ғана сезесің

Билік те, ақша да, құнсыз дүние де құрысын, анау жетімнің жанарында жылтылдаған жасты қараңдаршы...

***

Алматы – құж-құж қайнаған қазан ғой! Нағыз «бұрқылдаған» тіршілік! Бірі түбіне түсіп күйіп, қайта оралып, енді бірі пісіп, өзгесі қазан түбіне жабысып, пысықтары құйылар сорпамен бетіне қалқып шығып жатыр. Қолынан келгені қонышынан басып, қолынан келмегені қоныш астында қалып, болмаса, сол басқан ізін қайта басып дегендей, әйтеуір тіршілік, өлместің қара күні. Адамдар, уа, адамзат, бір сәт өтініш, кідіріңдерші?! Бір мезет тоқтаңдаршы?! Билік те, ақша да, құнсыз дүние де құрысын, анау жетімнің жанарында мөлт-мөлт жасты қараңдаршы...

***

Медициналық орталықтамын. Кезек күтіп тұрмын. Бір адамнан соң есіктің арғы жағындағы дәрігердің жүзін көру бақытына ие боламын, бұйырса. Алдымдағы – қазақ жігіт.. кірді. Қабылдап отырған да екі қазақ әйел екенін есік саңылауынан көрдім. Үш қазақ. Иә, дәл таптыңыз! Орыс тілінде «сайрап» жатыр. Қазақпыз. Қаның қайнай ма?

 ***

Автобус. Барлығы да шаршап тұр. Түртсең құлар. Таң азанымен жұмысқа асыққан ашушаң адамның бірі де жоқ. Бәрі момын, бәрі сабырлы. Бәріміздің де көздегеніміз – тезірек үйге жету. Бір аялдамадан қос ару кірді. Қазақтың қою  қара шашты, әп-әдемі қыздары. Сұлу-ақ... Бірін-бірі енді көрген-ау шамасы, әңгімелері таусылар емес. Тағы да дәл таптыңыз, екеуін байланыстырып тұрған орыс тілі. Қазақпыз-ақ... Тіліміз турасында біраз айтарымды айтып, бар болса, жүздеріне ұятын шығарайын десем, сөйлеуге шама жоқ. Көлік ішіндегілердің де өз айтары табылар-ақ еді, тек, шаршап... Ішкі дауысым бір шыңғырып қоя берді. Қазіргі жастар – біліп туған...

 ***

Мен өсекшімін бе? «Өсек» тыңдаймын, демек...ұят-ай. Бірақ «оны» айтатындар «әңгіме» айтып жатырмын деп айтады ғой. Демек, өсекші емес, әңгімешілміз...

«Әңгіменің» басты кейіпкерін өз көзіңмен көріп, әлгінде айтылған «әңгіме» иесі рас сол ма, сол емес пе, айтылған «мақтаулар»  иесіне жараса ма, жоқ па, жүзіне қарап білгің келіп тұрады екен. Құдды, жүзінде жазылып тұрғандай.

Әсте, жотаңа жабысқан шоңайнаны денеңе батса ғана сезесің, білесің.

Біреудің біреуді іліктіріп алып, «әдемі» «әңгіме» шығарғаны дұрыс па екен осы?! Сол «әңгімені» тыңдау барысында, өзің де кезекті «ертегінің»  тууына себепші болған «кейіпкер» екеніңді сезбей қаласың...

Айтылған сөз ағып кеткен су сияқты, жай су емес, қолжуғыштың суындай. Қане, қолжуғыштың астындағы шелектен бес секунд бұрынғы таза суды көрсетші?!.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір