• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:11:31
Алматы
+12°

22 Ақпан, 2019 NEWS

Хорватияның солтүсітігіндегі Половец ауылында 18 жыл бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті Index.hr сайтының мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Ясмина Доминич есімді қыз 2000 жылы жоғалып кеткен, ол кезде 23 жаста болыпты. Алғашында туыстары оны "Францияға кетіп қалған, сол жақта жұмыс істеп жүр" деп айтқан. Олар тек 2005 жылы ғана полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері үйдің сыртын толықтай іздеп, ішіне кірмеген екен.

Белгілі болғанындай, осы уақытқа дейін жоғалып кеткен қыздың мәйіті үйдегі бөлмелердің бірінде тоңазытқышта сақтаулы болыпты. Бүгінде ол үйде Ясминаның үлкен әпкесі күйеуімен тұрады. Сондай-ақ, ол үйде қыздың әкесі де тұрған екен, ол екі жыл бұрын көз жұмған. Ал анасы болса Германияда жұмыс істейді.

Жергілікті БАҚ-тың деректеріне сәйкес, үйде электр тоғы өшіп қалып, мәйіттің иісі шыға бастаған, сол арқылы табылған екен. Ясминаның мәйітін оның әпкесінің күйеуі тауып алған болуы мүмкін деген деректер де бар.  Бұл уақытқа үйінде тоңазытқыш орнатылған камера бар екенін білмепті.

Полиция қызметкерлері "Ясминаны оның әпкесі өлтірген болуы мүмкін" деп күдіктенуде. Болған жайттың мән-жайын анықтау мақсатында прокуратура ДНК сараптамасы мен медициналық экспертиза жасамақ. Расталмаған деректерге сәйкес, 45 жастағы әйел қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалыпты.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір