• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:58:02
Алматы
+12°

15 Мамыр, 2015 NEWS

ҚР білім және ғылым министрінің "аташкасы 100 жылға толды"

Бүгін ҚР білім және ғылым минстрі Аслан Сәрінжіпов өзінің Facebook-тағы ресми парақшасына: "Аулдағы атамыз 100 жылға толды. Ұстаз, мектептін директоры болған"...

Бүгін ҚР білім және ғылым минстрі Аслан Сәрінжіпов өзінің Facebook-тағы ресми парақшасына: "Аулдағы атамыз 100 жылға толды. Ұстаз, мектептін директоры болған" деген жазба жариялады. Қазақ елінің бас мұғалімі Асылан мырзаның бұл жазғанын бірінші сыныптың баласы болмаса, былайғы жұрт түсінбей әлек. Аслан мырза айналдырған бір сөйлемде 3 қате жіберген.

Дәл осы жазба жайлы Серік Аббас-шах Facebook парақшасына былай деп жазба жазды: Serik Abbas-SHakh

"Аслан Саринжиповтің жазбасынан: "Аулдағы атамыз 100 жылға толды. Ұстаз, мектептін директоры болған". Ауыл шопыры түзеткенсымақ болады: а) "Аул" емес, "ауыл"

б) "100 жылға" емес, "100 жасқа" толған шығар? в) "МектептіН" емес, "мектептіҢ" шығар?
Ауыл шопырының пәлсафалық сұрағы: Білім министрінің мемлекеттік тілдегі жазба сиқы осы болса, басқа мұғалімдерге не өкпе? Ауыл шопырының палсафалық жауабы: Жемқор шенеуніктер жемқорлықпен күресіп, құқық қорғау қызметкерлері қылмыс жасап жасап жатқанда, "двоечник" неге министр бола алмайды? Ескерту: Асланды бұрын ресми тілді болған, әлі үйрене алмай жатыр деп ақтауға болатын шығар? Бірақ, оның БІЛІМ және ғылым министрі екенін ұмытпайық. Ол ең алдымен мемлекеттік тілде сауатты болу керек. Егер Заңнан хабарсыз адам юстиция министрі болып тағайындалса, құдай қаласа, бірте бірте үйреніп алар деп жуып-шая салмайтын шығармыз?" Сұлтан Тайғарин, Facebook қолданушысы: "Құрметті министр мырза, сіз қате жазсаңыз басқаларға не жорық?! Атаңыз бұл жазбаңызды оқыса, сізге 5 деген баға қояды деп ойламаймын." aslan
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір