16 Наурыз, 2019 NEWS
Назарбаев Жаңа Зеландиядағы шабуылды қатаң түрде айыптады
Жұма күні болған шабуылдан 49 адам көз жұмған.
15 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған қайғылы оқиғаға байланысты Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтының дерегін негізге алып. Жұма күні болған шабуылдан 49 адам көз жұмған.
"Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз. Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын" делінген жеделхатта.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір