• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:40:26
Алматы
+35°

Өткенде ғана «Қамшы ақпарат» порталында Ауыт Мұқибек ағамыздың көші-қон туралы заң жобасы ретімен шешім тауып келе жатқанын білдіретін екі мақала жазған болатын, бұл екі мақаланы 15 мыңдай адам оқып, 200-дей адам пікір жазып,  көші – қон мәселесінің қазіргі ең бір өзекті мәселе екенін дәлелдеген болатын.

Көптен бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелердің беті бері қарап, оң өзгерістер болады дегенді естіген теріс ойдағылар арандатушылық әрекеттерге бара бастаған сияқты.  Соның бір көрінісі бүгін «Алматы облысында оралман қазақтар қытайға қайта көшуге қамдануда»  деген мақала сайттарды шарлап кетті. Айғайлатып тақырып қойып оралман мәселесін көтерген сияқты болғанмен бұл  мақаланың тақырыбынан-ақ қазақты өз қандасынан айыру байқалады. Аталмыш мақаланы біреулер әдейі дайындап, оны көшіріп басқан сайттар бұл істің арандатушылық екенін аңдамай қалған болуы да мүмкін.

Көш басталғаннан бері қандастардың көрген түрлі қиыншылықтары да аз емес, әсіресе 2013- жылдың соңындағы «көші-қон» туралы заң қабылданғаннан бері азаматыққа өте алмай кедергілерге ұшырап жүрген қандастар қаншама. Ал бүгінгі мақаладағы сөз болған мәселе тағы басқа мәселе. Бұл жерде Оралман деп бөлектейтін емес Нұрлы ауылының тұрғындарына арналған жер телімдерін өзгелердің сатып жібергені жәйіндағы мәселені көтеріп отыр екен. Қандайда бір құжаттық, тұрмыстық мәселе болсын оны жеткізу үшін қандастарды қайта көшіріп жіберу не журналистың сауатсыздығы, не болмаса арандатушылық деп білем.

Істі дұрыс шешкісі келетін адам қандасын кейін қайтармай, мәселенінің шешімін табу жолын басқалай жеткізіп, қандастарымен бірге нақты талап етер еді. Ал қандастарды қайта кеткелі жатыр деген сөз сол баяғы «қашқын» деген сөзге апарып байлап қою үшін ғана айтылады. Бәлен жерден түген қазақ көшіп кеткелі жатыр екен деген сөз ешкімнің де жанашырлық сезімін тудырмайды. Керісінше қоғамның өз қандас қазағына деген теріс көзқарасын тудырады. Осындай тақырыпты оқыған кісі «бұлар кезінде де елді тастап кетіп қалған, тағы кете береді» деген ойға қалуы бек мүмкін, шеттен келген ағайын азғаниай қйыншылыққа төзбей, отанын тастап кете беретін адамдар ретінде көруге итермелейді. Ал, шын мәнінде сырттан келген қандастар Ана отанын тастап кетпейді. Кеткен де жоқ. Бастарына іс түскенде құқықтарын қорғау үшін шағымын айтып журналистерге жеткізгізіп, түйткілді мәселелерін шешкісі келеді. Ал енді оны өтімді жеткіземіз дегені ме, әлде орайды пайланып қандасты қағытып қалайық дей ме кей журналистер өз қазағын шет асып кетейін деп жатыр деп "байбалам" салады. Егер жазғыш болса, айтқыш болса осы күге дейін шетелден мал-мүлік, қора жай, үй алып қойған 500 мыңнан астам қазақстандық олигархтардың жайын неге жазбайды. Олар Тәуелсіз Қазақстанның басына әлдеқандай күн туа қалса(бетін әрі қылсын әрине) сол шетеліне қарай тайып тұрады ғой.

Бүгін, ертең көші-қон туралы заңға жағымды өзгерістер енейін деп тұрғанда шыққан бүгінгі мақаланы аяқтан шалу деп айтуға әбден болады. Мақсаты үкімет пен Қазақстан халықының сеніміне селкеу түсіріп, қандастарды майдансыз, сенімсіз етіп көрсетіп заңның қабылдануына кері әсерін тигізу. Сондықтан бұдан кейін осындай арандатушылық тақырыптармен жазылған мақалаларды тексеріп, егер шынымен көшейін деп жатқан халық болмаса жалған ақпарат таратқаны үшін жазалу керек.

Тұрдыбек Құрметхан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір