24 Мамыр, 2015 NEWS
ҚР Жазушылар Одағында Дидахмет Әшімханұлымен қоштасу рәсімі өтті
Дидаға, Дидахмет Әшімханұлы қайтпас сапарға аттанды. Қазақ әдебиеті тағы бір орны толмас қазаға ұшырады. 65 жасына 20 күн қалған шағында өмірден озған қадірлі...
Әшімханұлы Дидахмет 1952 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1978).
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" (1975–1976), "Лениншіл жас" (1978) газеттерінде тілші болып бастаған, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), 1981–1992 жж. «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдебиет, сын бөлімін жүргізді, 1992–1994 жж. халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған. 1994 жылдан еларалық «Түркістан» газеті редакторының орынбасары, 2003 жылдан «Алаш» баспасының директоры
«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондайақ А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
"Қамшы" сілтейдіҚате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір