26 Мамыр, 2015 NEWS
Ұлыбритания "Guardian" басылымы: Путиннің 10 саяси қылмысы
Жақында Ұлыбританиялық Guardian басылымы Ресей Президенті В. Путинге қатысты мақала жариялаған. Аталмыш мақалада РФ-ның чекист көсемінің 15 ірі қылмысы туралы...
Жақында Ұлыбританиялық Guardian басылымы Ресей Президенті В. Путинге қатысты мақала жариялаған. Аталмыш мақалада РФ-ның чекист көсемінің 15 ірі қылмысы туралы баяндалған. "Қамшы" порталы ағылшын тіліндегі мақаланың аудармасын ұсынады.
"Чекист" 15 жылдың ішінде Ресей мен әлем саясатын қалай өзгертті?
Халықаралық дәрежедегі - изоляция, санкция және Ресей басқыншылығы.
Ресейде экономиканың әлсіреуі Путиннің ішкі саясаттағы рейтингісіне ықпал етпейтіні мәлім. Мейлі, ресейліктер оны жақсы көрсін, көрмесін ол өз елі үшін және өзі үшін еңбек етті. Әлем саясатында үлкен рөл ойнады. Негізгі фигуралардың біріне айналды. Кешегі араққұмар совет көсемдерінің соңғы өкілі - Путин өзін мүлде бөлекше көрсетті. Хрушевтің қателіктерін түзетуге кірісті. Горбачевтің таратып жіберген одағын қайта құруды көздеді. Путин тағы нелерді бүлдірді?
- Украина, Грузия және "көршілес мемлекеттер".
Орыс-украин соғысы - Путиннің Ресей Федерациясы мен оның маңайына топтасқан мемлекеттерге деген ықпалын көрсетті. Ол өз ықпалын сақтап қалу үшін әскери күш қолдануға дайын екенін танытты. Украина гамбиті - 2008 жылғы Грузияның территориялық тұтастығының бұзылуымен салыстырғанда айтарлықтай тәуекелге баруға мәжбүрледі. Дегенмен Путин бәрібір дегеніне жетті. Грузиядан кейін Украина өз жерін Путиндік Ресейге тартқызып қойды.
- Автократия.
Мүмкін Путин экономикалық мәселелерге қатысты өзінің ұстанымынан бас тартқанымен, өз билігінің консолидациясы үшін ол бәріне баратынын байқатты.
- Тұлғаға табынушылық
Тұлға деп айдарлағанымызбен, анау айтарлықтай тұлға да емес. Алғашқы Ресейді Ельцин 10 жыл басқарған тұстағы саяси тұлға мен қазіргі Путиннің тұлғасы арасында айырмашылық жер мен көктей. Сондықтан ресейліктер Путинді қолдайды, жақсы көреді. Орыстар үшін Путин - нағыз мачо, орысша мужик, қазақша нағыз еркек. Бұл әрине, Путиннің имиджмейкерлерінің еңбегі болар. Ал жай уақытта ол қандай адам...
- Экономика
Путин президенттікке келер тұста оның экономикалық концепциясы ауқымды болған. Ол жеке кәсіпкерлерге қолдау білдіру үшін салықты төмендетті. Әрине, мұнай бағасының шарықтауын ол ұтымды игере білді. Дегенмен, экономикадағы диверсификация мен өндірістегі модернизация ақсап тұрды. Биыл Ресейде Рецессия күтілуде. Яғни, дағдарысқа қарсы жаңа саясат жасалуы мүмкін. Себебі, Ресейдегі жұмыссыздар саны күн санап артып келеді.
- Демографиялық өсім
Путин билікке келген тұста Ресейде халық саны күрт азая бастады. Себеп қаржылық жағдайдың төмендігі.
- Азияға бағыт
Путин көппольярлы әлемнің ортасында жүргенді ұнатады. Соңғы кездері ол Азия мемлекеттерімен экономикалық және әскери ынтымақтастықты арттырып келеді. Ресейдің ЕО елдерімен арасындағы салқындық осы бағыттың қарқын алуына себеп болды.
- Гонения
Ол өзінің басты оппозиционерлерінің көзін құртты. 2011-2012 жж. Ресейде "Араб көктемінің" қайталанып кетуі мүмкін еді. Дәл сол кезде Путин Болотныйдағы шеруді ұйымдастырушы 27 азамат пен Навльныйға қатысты қылмыстық іс қозғатты. Бүгінде Путиннің жалған патриотизмінің тасасында бірде бір оппозиция қалмаған. Елде сөз бостандығы тұншықты. Бұрын болған "демократияпадобие" атымен жоғалды. Ел аумағында БАҚ пен сайттарға қысым көрсетіле бастады. Ондғы материалдар - экстремистік немесе балаларға көрсетуге тыйым салынған деген сылтаулармен алынып тасталды. Путин компаниясындағылар бұл іске ерекше құлшыныспен кірісті. Солтүстік Кавказдағы оқиғадан кейін Путиннің қарсыластары әлсіреп қалған болатын.
- Путиннің саяси жүрістері
Егер Путиннің саяси портретіне қарасаңыз, оның батыстық гегемонияға қарсы Қытаймен тізе қосып, АҚШ-қа азу білегенін көресіз. Өз кезінде Ельцин АҚШ пен ауыз жаласып жүрген болса, Путиннің билігі тұсында Ресей-АҚШ арасы алшақтай бастады. Путин АҚШ-тың Ирак пен Ауанстандағы басқыншылық әрекеттерін ақтамады. Кейін өзі де Сирияға қатысты АҚШ қателігін қайталады.
- Дондоноград
Путин мен Батыс арасы суығанымен, көптеген ресейліктер Лондан банктеріне ақша салып, тіпті көшіп кеткені өтірік емес. Олигархтардан өзге Дондон путиндік диссиденттердің қоныс аударатын орнына айналған.
- Коррупция
Путин өзі бас болып коррупциямен күрескен сыңай танытқанымен, Ресейдегі жемқорлық азайған емес. Ресей жемқорлықпен күрес жөнінен әлем елдері арасында 136-орынға тұрақтаған. Ал Путиннің жеке шотындағы байлығы 200 миллиард доллардан асып жығылады.
Нұрзат Тоғжан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір