• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:53:34
Алматы
+35°

Маскүнемдік

Соңғы мәліметтер бойынша Ресейде маскүнем адамдардың саны 5 000 000-нан артық немесе барлық елдімекеннің 3,4% құрайды. Соның ішінде 1,7% ғана есепте тұр. Ресейдегі 3 ер адамның біреуі және 15 пайыз әйелдер қауымы маскүнем болып есептеледі. Егер бұны сандарға айналдырсақ маскүнемдіктен жылына 500 000 адамдай қайтыс болады. Аса қорқынышты мәліметтер! Ресейде маскүнемдікке салыну тура немесе жанама түрде өліммен байланысты. Оның ішінде 62,1% өзін өзі қол салу, 72,2% адам өлтіру, 60% бауыр мен іш-құрылыстың зақымдануы, 67,7% цирроз, 23,3% жүрек пен қан тамырларының ауруы. Жыл сайын 40 мыңнан астам сапасыз алкогольді ішімдіктермен улану жағдайлары тіркеледі.

Статистика бойынша ресейлік балалар алкогольды ішімдікке 13 жастан бастап құмар бола бастайды. Осыған қоса 13 жастан жоғары, бірақ кәмелет жасқа жетпеген жас жігіттердің 1/3 бөлігі, бойжеткендердің 1/5 бөлігі күнделікті арақ, сыра, аз мөлшердегі алкоголі құрайтын ішімдіктерді ішуде. Бұл Ұлыбританиядан 10 есе артық. Әсіресе, Ресейде 14-15 жастағы жастар алкогольді ішімдікке тәуелді бола бастайды.

collage

Нашақорлық

Бүгінгі кунде Ресейде нашақорлардың саны 6 миллионға жуық. Олардың ішінде 500 мыңы ғана ресми түрде тіргелген. Нашақорлардың 20% мектеп оқушылары болып табылады. 60% -ы – 16-30 жас аралығындағы жастар. Қалған 20%-ы – 30 жастан асқан адамдар.

Есірткі қабылдай бастайтын орта жас – 15-17 жас аралығы болып саналады. 9-13 жастағы балалар арасындада нашақорлар саны көбейген. Тіпті 6-7 жастағы балалар арасында да есірткі қабылдау фактісі тіркелген. Көп жағдайда нашақор ата-аналары балаларын есірткі қабылдауға мәжбүрлейді.

Сарапшылардың ойынша әрбір нашақор 13-15 адамға әсерін тигізеді.

Соңғы жылдары есірткі қабылдаудың себептерінен үлкендер арасындағы өлім 20 есеге көбейсе, балалар арасында 42 есеге артқан.

Есірткі қабылдай бастағаннан кейін нашақорлар орта есеппен 4-5 жыл ғана өмір сүреді.

Соңғы жылдары нашақорлар ЖҚТБ ауруына себепкер болуда. Статистика бойынша АИВ жұқтырудың 90% нашақорлардың бәріне ортақ ине қолдануы.

Ресей статистикасы бойынша нашақорлардың ішінде 5-6% ғана емделеді. Жыл сайын Ресейде 70 мыңдай адам қайтыс болады.

Кісі өлтіру

БҰҰ мәліметтері бойынша Еуропа, АҚШ, ТМД елдеріне қарағанда Ресейде адам өлтіру көбірек тіркеледі. Статистикаға қарасақ Ресейде орта есеппен 100 мың тұрғынға 11-14 кісі өлтіру қылмысы жасалады, ал АҚШ да бұдан екі есеге аз.

Қылмыстың 60-70%-ы мас болған адамдардың қолымен жасалады.

115c842e_resizedScaled_659to439

Суицид

Ресейде соңғы 20 жылдың ішінде 830 мың адам өзін өзі өлтірген.

Суицид саны қалаларға қарағанда ауылдық мекендерінде көп кездеседі.

Соңғы он жылдықтың ішінде өз өзіне қол жімсау жастар арасында 3 есеге артқан. Басты себептері жауапсыз маһаббат, жалғыздық, болашақтың алдында қорқыныш, ата- анасы мен құрдастарымен конфликттер болып табылады. Жыл сайын 15-19 жастағы әрбір он екінші жасөспірім өз өзіне қол жұмсауда. Ресейде суицид көрсеткіші 100 мыңға 20 адамнан тура келеді. Жылына 1500 бала өз өзіне қол жұмсап өледі. Бұл әлемдік орта көрсеткішінен 2,7 есе жоғары.

Баспанасыз адамдар

Ресейде 90 жылдардан бастап қаңғыбастардың саны өсе бастаған. Сол кезде мемлекеттегі өзгерістер ресейліктердің көбісін далада қалдырды. Қазіргі экономикалық жағдай сол кезден қарағанда жақсырақ, бірақ социологтардың санауынша олардың саны 3 миллионға жетеді. Балалар үйіндегі панасыз балалар да қаңғыбас адамдардың қатарына кіреді.

Мәліметтерді дайындаған

Айсұлу Тұрсынбаева

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір