27 Сәуір, 2019 Саясат
Порошенко сотты болды: оған елден шығуға тыйым салынуы мүмкін
Киев қаласының әкімшілік соты талқылаулар мен тексерулерді бастап кетті.
Белгілі блогер Александр Дубинский Петр Поршенко мен бірқатар шенеуніктерді, саясаткерлерді президенттік және парламенттік сайлау аяқталғаннан кейін бір жыл бойы елден шығуына тыйым салу туралы сотқа өтініш берген.
Аталған ұсынысқа байланысты Киев қаласының әкімшілік соты талқылаулар мен тексерулерді бастап кетті. Бұл туралы құзырлы органдар жасаған мәлімдемеде хабарланды.
"Іс ұсыныс берген тараптың бақылауында және іс қатысушыларын шақырусыз қаралады", - делінген арнайы мәлімдемеде.
Сотқа жасалған ұсыныстың негізгі мақсаты – осындай тыйым салу және бақылауға алу арқылы елдегі ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір