• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:04:00
Алматы
+12°

Бұл бұрын болған оқиға екен. Бәлки, естіп, оқыған да шығарсыз. Желісі, мазмұны бір, тек жеткізілуі әртүрлі. Ендеше, Құдыреті күшті Алланың Құдыретін дәлелдейтін көп мысалдың бірін назарларыңызға ұсынамын.

Сонау Америкада екі әйел бір уақытта қатар босанған екен. Біреуі ұлды, екіншісі қызды болыпты. Медбикелердің жауапсыздығынан екі нәрестені ауыстырып алыпты. Сөйтіп, екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де "мен тудым" деп ұлға жармаса беріпті. Мына ғажапқа қараңыз! Тіпті ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды. Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады. Ал басшылықта отырған дәрігер "Бұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер" деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады.

Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:

Американдық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойларыңыздасыздар ма?

Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.
Сонда американдық оған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: "Екі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған", - деп жауап беріпті.

Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: "Ұл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?" - деп сұрайды таң-тамаша болып.

Ғалым: "Бұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында "...Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады", - деген. Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек" - деген көрінеді.

Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір