• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 07:40:49
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

13 Мамыр, 2019 Саясат

Донбасс қариялары зейнетақысын Ресейден алады

РФ Еңбек министрі Максим Топилин ресейлік төлқұжат алатын ДХР және ЛХР тұрғындарына зейнетақы тағайындау шарттарын айтты

РФ Еңбек министрі Максим Топилин ресейлік төлқұжат алатын ДХР және ЛХР тұрғындарына зейнетақы тағайындау шарттарын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Зейнетақы алу үшін адам ең біріншіден Ресей аумағында тіркелуі керек. Сондықтан бұл процесс қалай өтетінін қарау керек», - деді Топилин.

Министрдің айтуынша, жаңа азаматтарға зейнетақы төлеу Ресей бюджетіне әсер етпейді.

24-сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин ЛХР және ДХР тұрғындарына ресейлік төлқұжат алу жолын жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды. Путиннің айтуынша, бұл жағдай тек гуманитарлық сипатта ғана болады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Ресейдің әлеуметтік міндеттемесі бюджетке ауыр жүк болмайтынын жеткізді.

ДХР және ЛХР тұрғындарына ресейлік төлқұжат беру құны бірнеше жылда 100 миллиард рубльге дейін ұлғаяды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір