• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:37:37
Алматы
+12°

16 Мамыр, 2019 Тарих

57 жасында 1717 баласы болған сұлтан кім?

Гиннестің рекордтар кітабына енген көпбалалы әке кім болған?

Марокко тарихында сұлтан Мулай Исмаил ибн Шериф өзінің жауынгерлік ерліктері үшін "Жауынгер Патша" және жауына қатыгездігі үшін "Қатыгез" билеуші ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ бір таңғаларлығы, сұлтан Мулай Исмаил ибн Шерифтың 1000-нан астам баласы болған.  Гиннестің рекордтар кітабына енген көпбалалы әке туралы ақпаратты Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.

Мулай Исмаил – Малайзияның Алауит әулетінің ең алғашқы сұлтаны. Ол 1672 - 1727 жылдар аралығында ел басқарған. Сондай-ақ Малайзияның тарихында ұзақ уақыт мемлекет басқарған билеуші. Ол өзін  исламның негізін қалаушы " Пайғамбардың ұрпағы" деп мәлімдеген.

1000-нан астам баласы болса да, Гиннестер кітабында Мулай Исмаилдың 888 баласы бар деп көрсетілген. Ол –тарихтағы ең көп баласы бар адам. Француз дипломаты Доминик Бусно 1704 жылы Мароккоға барған кезде 57 жастағы Мулай Исмаилдың 4 ресми әйелінен бөлек 500 қызметкері барын және олардан 1717 баласы болғанын жазып қалдырған.

Тарихи шындықты белгілеу үшін австриялық ғалымдар компьютерлік модельдеу әдісін қолданып, әртүрлі параметрлерді қолдана отырып бірнеше үлгілер жасады. Сұлтанның шамамен жарты мың кәнизактан тұратын үлкен гаремі болғаны белгілі. Алайда, ғалымдардың айтуы бойынша, «отбасы», яғни сұлтанмен ұйықтаған әйелдердің саны 65-110 шамасында болған.

Компьютерлік модель сұлтанның 32 жылдың ішінде 1200 баланы тудыруы мүмкін екенін анықтады. Ол үшін сұлтан күн сайын нақсүйерлерімен жақын қатынаста болған. Ғалымдардың айтуынша оның осы белсенділігі ұзақ жасауына да әсер еткен дейді. 

Тарихи деректерге сүйенсек,  қатігездігімен аты шыққан сұлтан Исмаил Фез қаласында 400 жаудың басын алған. 55 жылдың ішінде ол 30 000-нан астам адамды өлтіруге бұйрық берген екен.

Сұлтан Мулай Исмаил қайтыс болғаннан кейін (1645-1727) өзінің Мекнесдегі қадір тұтқан мешітіне жерленген. Ал мазарда сұлтанмен бірге оның 500 әйелінің тек біреуі ғана, сондай-ақ  екі баласы ғана бірге жерленген.

ловк

Бір қызығы, тірі кезінде-ақ «қанішер» атанған қатыгез тиранды өлгеннен кейін ұрпағы  әулие санап, мазарына барып құлшылық еткен. Бүгінгі күні де мароккалықтар мазарға барып, денсаулық пен сәттілік, өркендеуді тілеп, құлшылық етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір