• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 17:06:57
+35°

24 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай: Төрт жұмысшы қаза тапты

апатты жағдай Момышұлы даңғылының бойында орын алған.

23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай орын алып, "Астана су арнасы" коммуналдық кәсіпорнының 4 қызметкері қаза тапты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін Нұр-Сұлтанда қайғылы оқиға болды. Оқиға салдарынан «Астана су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының 4 қызметкері қаза болды. Өзімнің және әкімдіктің атынан қаза тапқандардың отбасылары мен достарына көңіл айтамын. Қала әкімдігі  барлық марқұмдардың отбасыларына  қажетті қолдау көрсететін болады. Мен тиісті органдарға мұқият тергеу жүргізуді және осы қайғылы оқиғалардың себептерін анықтауды тапсырдым", – деді қала әкімі. 

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы Владимир Беккердің  tengrinews.kz сайтының тілшісіне айтуы бойынша, апатты жағдай Момышұлы даңғылының бойында орын алған. Төрт жұмысшысы метан газына уланып қайтыс болған.

"Бүгін 16.24-те Төтенше жағдайлар қызметінің 112 номеріне Момышұлы даңғылындағы құдыққа адам құлап түскені туралы хабар түсті. Ал 16.46-да төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенде құдық ішінде бір емес, төрт адамның қайтыс болғаны анықтады", - деді Владимир Беккер.

Оқиға орынында болған өрт сөндірушілердің түсіндіруінше, құдық ішінде диметрі 3,5 метр, тереңдігі 10 метрлік бак болған. Ол бак үш метрге дейін метан сұйықтығымен толтырылған. Қазақ тапқандардың денесі сол сұйықтықтың ішінен табылыпты.

"Бүгін "Астана Су арнасы" бригадасы кәріз сорғалау станцияларына бөлшектеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Жұмысшылардың бірі ауырып, есінен танып, құдыққа құлап түскен. Екінші әріптесі оған көмектесуге тырысып, техникалық сатыға түсіп ол да есінен танып қалған. Олардан кейін тағы екі жұмысшы құтқаруға түсіп, шықпай қалған. Жалпы жұмыс бригадасында 6 адам болған. Олардың төртеуі қайтыс болды. Құдықтың сыртында қалған екеуі (бірі- сантехник, екіншісі - жүргізуші) 103-ке хабарласқан", - деді Беккер.

Аман қалған екі жұмысшының бірі зардап шеккен. Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның айтуынша, зардап шеккен жұмысшы  ауруханада жатыр. 

"Қаза тапқандар 1988, 1993, 1995 және 1967 жылы туған. Күні бойы жұмыс істеген. Барлығында респиратор болған. Бірақ құдықтан денелерді шығарғанда респиратор болмады. Жұмыс аяқталған кезде оны шешіп тастаған сияқты. Егер респиратор болғанда аман қалар еді", - деді төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер.

 

Дайындаған: Мият Кәшібай

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір