• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:55:32
Алматы
+12°

24 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Бас прокуратура заңды таптай ма, сақтай ма?

Жоғары жазылғандарыма байланысты сұрақ: Сіздер қай елдің Бас прокуратурасысыздар?

Әлеуметтік желіде Жұлдызай Фортқа қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін жала жабылғаны туралы ақпарат қызу талқылануда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Руза Бейсенбайтегінің айтуынша, Жұлдызай Форт кәріс азаматынан қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен. Алайда кәріс азаматы Жұлдызай Фортты "ұлтараздық тудырдың" деп айыптап, балағаттаған. Аталмыш жайтқа байланысты сот отырысы өтіп жатыр. 

Кеше Руза Бейсенбайтегі Өскемен қаласының прокурорына арызданғысы келген. Алайда прокурорға да, оның орынбасарына да хабарласа алмаған. Ал қабылдау бөліміндегілер "арызды өзіңіз келіп жазасыз" деп айтыпты. Руза Бейсенбайтегі "мен жамбасым сынып, төсек тартып жатқан адаммын. Өскемен қаласына бара алмаймын" деп жағдайын түсіндірген кезде қабылдау бөліміндегілер "жазылғаннан кейін келіп арыз жазыңыз" деп жауап беріпті. Біраз уақыттан кейін Руза Бейсенбайтегі ҚР Бас прокуратурасына хабарласқанымен, олар тұтқаны көтермепті. Қоғам белсендісі ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері қазақ тілінде қызмет көрсеткісі келмейтінін айтып, айыптап отыр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі тіл жанашырының ҚР Бас прокуратурасына жазған хатын ешқандай алып-қоспасыз оқырман назарына ұсынуды жөн көрді. 

ҚР Бас прокуроры  Ғизат Дауренбекұлы Нұрдәулетовке  ашық хат

23.05.19 жылы жеке блогыңызға шағым қоймақшы болғанмен, ол қиын екен. 115 қызметі көмек көрсете алмағандықтан, басшысы А.В.Дуккартпен  сөйлескенімде, әңгіменің сиқы 3 рет "сәлеметсіз бе",  3 рет «здрасти» болды! Мен оған "ҚР Бас Прокуратурасының лауазымды қызметінде отыра, қалайша, мемлекеттік тілде амандасқыңыз да келмейді?" дедім. Жауабы: «Я вас прошу говорит по русский, это язык межнационального общения»?! Осыған орай:

Неліктен бас заң, құқық қадағалау органында, сауатсыз (ҚР заңнамалық нормаларының ешқайсысында орыс тілінің ұлтаралық деген статусы жоқ) және ең бастысы заңды белшесінен басатын адам отыр және жоғары лауызымды қызметте?!Прокуратура қызметкерлері: «Оның ұлты қазақ емес»). Жоқ әлде, Конституция, заңнамалық нормаларда қазақ еместерге басқа баптар жазылған ба?

Бас прокуратураның «Твиттердегі» парақшасына да жазбақ болдым. «ГП РК» деп тұр. Ал мемлекеттік тілде жоқ. Айтыңыз, қазақ тілінде неге жоқ? Неге?

Прокуратураның фейсбуктегі парақшасына бір ай бұрын «Қандай масқара, ҚР Бас прокуратурасы бола тұра, жазғандарыңыз бірінші орыс, екіншісі  қазақ тілінде» деп жазғанмын. Түзеген әрекет танытқан, бүгін тағы бірнеше жерде бірінші болып орысша тұр?!

Керекудегі прокуратураға хабарлассақ, бәрі орысша сөйлейді.  «Прокуратура обл., .... слушает». Қызметті тек орыс тілінде жүргізеді. Сервистік мекемелерден мемлекеттік тілде білмей қызметінен қуылған жағдайлар жоқ емес. 

Жоғары жазылғандарыма байланысты сұрақ: Сіздер қай елдің Бас прокуратурасысыздар?

Егер көрші мемлекеттің қол астында болмасаңыздар, өз қызметтеріңізді сайт, сот, кабинеттеріңіздегі, қоғамдағы, бір сөзбен осы мемлекеттегі, мемлекет заңдарына сәйкес атқаруларыңызды талап етемін! 30  жыл Қазақстан Республикасы бола тұра, мемлекет тілі қазақ тілі бола тұра, тым болмаса 300 сөз жаттап алуға болатын еді ғой. Сондықтан өзіңді орысшаға мәжбүрлейтін Бас прокуратура қызметкерлерінің, өз лауазымын иеленуге еш моралдық та, заңдық та құқы жоқ!

Осыны көре тұрып, неге мәселеден бейхабар болатындарыңыз түсініксіз.  Сондықтан да мен мемлекеттің тілін қорғауға мәжбүрмі Бас прокуратура заңды сақтай ма, таптай ма? Мұндай өрескелдік қай елде бар? Керісінше, әр мемлекетте, өзінің тілін меморган қорғайды. Ал бізде бізде масқара, өз-өзінің тілін қорлап, қорлатқызып отырған меморган қызметкерлері қайта сотқа сүйрелеуге септігін тигізіп отыр! Дәп қазір, республикаға танымал, белгілі тіл жанашыры Жұлдызай Форт сотқа тартылып отыр. Сайып келгенде, қазақ тілінде қызмет тұтынғысы келгені үшін, қарсы жақтың жаласымен, полиция қызметкерлерінің қолдауымен! Осы мемлекеттің прокуратурасы болсаңыздар, осы мемлекттің заңын, онымен қорғалған мемлекет тілінің қорғалуын қадағалауыңызды талап етемін, ҚР Бас прокуроры Гизат інім!

Қазақстанның Бас прокуроры Ғизат Дәуренбекұлы!

Жеке блогығызға шағымымды орналастыра алмай, Дуккартыңыз шектен шығарлық сөздер айтқандықтан, сізге амал жоқ, ашық хат жазуға мәжбүл болдым!  Блогыңыз арқылы да, сайтыңыз арқылы да жауапты беретін өзіңіз емес екенін білемін. Бірақ Қазақстанның Бас прокуроры ретінде қазақ тілді сайттарды оқисыз деп сенемін және сізден жауап күтемін!

 Құрметпен, Руза  Бейсенбайтегі,

Кереку қаласы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір