• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:22:26
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Ғылым-білім

Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады (видео)

Starlink – Жер тұрғындарын түгелдей тегін интернетпен қамти алатын жаңа спутниктік желі

Нидерланды тұрғындары орбита бойымен қатарынан ұшқан 60 жер серігінен тұратын “пойызды” көрді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Илон Масктың компаниясы SpaceX-тың жіберген Starlink атты 60 жер серігі болып шықты. Starlink спутниктері Falcon-9 ғарыш кемесі арқылы амеркалық Канаверал ғарыш айлағынан ұшты.

Жерден ұшқан Starlink-тің 60 жер серігін видеоға Нидерланды тұрғыны Марко Лангбрук видеоға түсіріп алды.

Starlink – Жер тұрғындарын түгелдей тегін интернетпен қамти алатын жаңа спутниктік желі. Жобамен жұмыс 22-ақпанда басталған. Илон Маск барлығы 12 мың спутник ұшыруға жоспарлауда. SpaceX есептеулері бойынша, жоба құны – 9 миллиард АҚШ доллары.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір