• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 16:04:47
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 NEWS

Әлемдегі ең қауіпті алты вирусты жұқтырған ноутбук бір миллион долларға сатылады

Ноутбук иелеріне келтірілген жалпы шығынды 95 миллиард долларға бағалады

Қытай суретшісі Гуо О Донг өзінің жұмысын сату үшін аукцион ұйымдастырған болатын және ол жерде әлемдегі ең қауіпті компьютерлік вирустар жұқтырған ноутбук Persistence of Chaos ("хаос тұрақтылығы") бар екендігі анықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Verge сайтына сілтеме бере отырып.

Басылымның ақпараты бойынша, Samsung компьютері WannaCry, ILOVEYOU, MyDoom, SoBig, Dark Tequila және BlackEnergy программаларымен барлығын таңқалдырған көрінеді.

Гуо О Донг оларға келтірілген жалпы шығынды 95 миллиард долларға бағалады. Сонымен қатар, ноутбук Wi-Fi интернет желісіне немесе USB интерфейсі арқылы басқа құрылғыға қосылмайынша, оның иесінің деректеріне ешқандай қауіп жоқ.

Аукцион қорытындысы 27 мамырда белгілі болады. Соңғы мәліметтер бойынша ақырғы тігілген бәс соммасы 1,2 миллионнан астам долларды құрайды. 2018 жылдың 26 қазанында ХVII ғасырдың сиқыршысының қолжазбасы Toovey аукционында 22 мың фунт стерлингке (шамамен 12 миллион теңге) сатылды. Қолжазба мәтінінің 476-шы бетінде сиқырдың көмегімен адамды өзіне ғашық қылу , арықтау, науқас адамның өлетінін түсіну, сондай-ақ әйелді жалаңаш билету туралы нұсқаулар көрсетілген.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір