• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 22:27:59
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 NEWS

Назарбаев: Ешқайда кеткім келмейді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан ешқайда кетпейтінін, тіпті демалысқа да барғысы келмейтінін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннан ешқайда кетпейтінін, тіпті демалысқа да барғысы келмейтінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев университетінің түлектеріне қарап: "Мен көптеген елде болдым, өмірімде 200-ге тарта президенттермен кездестім. Әлемнің әдемі жерінің барлығын көрдім. Бірақ мен Қазақстаннан ешқайда кеткім келмейді, уақытша демалысқа да. Себебі біздің мемлекетте барлығы бар",- деді Тұңғыш Президент

–Алдыңғы жылы мен әртүрлі елдімекендерді аралап қайттым. Қазақстандықтар теңізге барады, ал бізде Каспий теңізі бар, шетелдің басымдылығы төрт-бес жұлдызды қонақ үйлері ғана. Ия оларға жету мүмкін емес шығар. Бізде Алакөл, Бурабай, Алматы облысында тауда сырғанауға арналған демалыс орындары, бәр бар. Сол үшін де біз туристік әлеуеттілікті арттырып, осындай нысандар ашуымыз қажет,- деді Назарбаев.

Елбасы түлектерден халықаралық аренада Қазақстанды әлемге мойындатып, алға жетелеуді сұрады.

Осы жылы 963 студент түлек атанды, соның ішінде 565-і бакалавр бойынша, 378-і магистратура, 40 студент докторантура бойынша. Сонымен қатар, осы жылы Назарбаев университеті тау-кен ісі және жер туралы ғылым мектебінің алғашқы жылдығын тойламақ.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір