04 Маусым, 2019 NEWS
Тоқаев көпбалалы аналардың мәселесін шешуді қолға алды
Көпбалалы аналардың мәселесі бүгін Нұр-Сұлтанда қаралады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы аналардың мәселесі қалай шешімін табатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі президенттің Тwitter әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Тоқаев тwitter-аккаунтында өзінің тапсырмасы бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездескенін айтты.
"Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет", - деп жазды президент. Сонымен қатар осы мәселе бүгін 4 маусымда жұмыс тобының аясында қаралатынын мәлімдеген.
Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 3 июня 2019 г.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір