04 Маусым, 2019 Саясат
Қазақ ауылдары ауыз суға қашан қарық болмақ?
Қоларбамен фляг сүйреп, баспадан қос қарың талғанша су басып, құдықтан қауға шелекті шірене тартып жүретін заман келмеске кетті. Адамның өмірін жеңілдетуді көздейтін дәуір орнады. Бүгінде таза ауыз су – ауылдағы қандастардың басты мәселесі, басты талабы.
Сонымен, Қазақстанның барлық аймағы қашан ауыз сумен толық қамтамасыз етілмек?
Ауылдағы ағайынның жағдайы қаладағы күйбең тірлікті қазақтарды алаңдатуын сиреткен. Нағыз бейнеттің ортасындағы ауыл қазағы әлі сол дархан пейілді, ағайыншыл, шүкіршіл қалпында. Олардың өркениетті мемлекетте ауыз суға жарымай келсе де, қыңқ демеуінің себебі осында.
Бүгін үкімет отырысында Қазақстанның Ауыл шаруашылық министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ауылдық жерлерді 2022 жылға дейін 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету туралы ұсынысын толық мақұлдады. Ұсынысты Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров жасады.
Отырыста баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ауыл шаруашылық министрлігіне ауыз сумен қамтамасыз етудің жетілдірілген нұсқасын беруді сұраған еді.
«Бұл ұсыныстан кейін жасалған нақты қадамдар мемлекеттік мекемелердің ауылдық жердегі халықтың толық ауыз сумен қамтамасыз етілуіне ауызбіршілікті жолмен барғанын көрсетеді. Аталған тәжірибе өз нәтижесін беріп үлгерген. 2017 жылы Қызылорда облысының су жүйесін басқаратын мекемесі жеделдетілген жұмыс жасап, ауылдық жердегі халықты толық ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл ұсынысты жүзеге асыру кейбір арнайы жобалардан маңыздырақ», - деді Роман Скляр.
Үкімет отырысындағы осындай баяндамалардан кейін Омаров басқаратын министрлік жедел іске кірісіп, елдегі ауыз су мәселесін 2022 жылға дейін шешуге сөз берді. Тіршілік нәрінің ел аумағын түгел қамтитын уақыты алыс емес сияқты...
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір