• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:38:03
Алматы
+12°

05 Маусым, 2019

Әміржан Қосанов: Ауызашар минимитингіге айналды

Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сайлау датасының мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айына тұспа-тұс келгенінің оң жақтары туралы жазды.

Үміткердің парақшасындағы жазбаны Qamshy.kz ақпарат агенттігі қаз-қалпында беруді жөн санап отыр. Кандидат жазба соңында қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады.

"Әрине, Оразаның орны бөлек. Бірақ осы жолы билік президенттік сайлау науқанын дәл Рамазан айына тағайындап, бәрін саясиландырып жіберді.

Әу баста осындай таңдауы үшін билікті сынағаным да рас.

Бірақ, кейін қарап отырсам, бұл шешімнің оң тұсы да жоқ емес екен. Себебі сол - Ораза кезінде дүйім қазақ ауызашарда жүреді. Яғни, күнде не қонақ шақырады, не қонаққа барады.

Сөйтіп, әрбір ауызашар елдегі осы күнгі ең өзекті мәселе - сайлауды талқылайтын минимитингке ұласып кетті!
Күн сайын кешкі сағат тоғыздан кейін менің де құлағым шулай бастатыны содан болса керек...

Міне, қасиетті Рамазан айынан соң - Ораза айт келді. Қабыл болсын! Баршамызға құтты болсын!

Игі ниеттің бәрі, соның ішінде Қазақстанда Бостандық, Шындық, Әділеттік салтанат құратын жаңа қоғам, жаңа билік құру туралы тілектер қабыл болсын, ағайын!"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір