• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:41:53
Алматы
+12°

06 Маусым, 2019

Полиция қызметкері мен жүргізуші қыздың тартысы (видео)

Продюсерлік орталықтиың өкілі видеосы арқылы қоғамдағы кереғар жайттарды көрсеткісі келгенін алға тартады.

"Алтын BMW" көлігін алып кетпек болған полицеймен жұлқыласқан, эвакуатордың үстіне шығып алған қыздың әрекеті бейнеленген видео туралы қалалық полиция басқармасы түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тәртіп сақшысының формасындағы ер адам мен әйелдің жаға жыртысы туралы видеоматериал Алматы қалалық полиция департаментінде толық зерттеліп, нәтижесінде бұл роликтің жасанды түсірілім ретінде жасалғаны және полиция қызметкерлеріне ешбір қатысы жоқ екені анықталды. Тексеру амалдары барысында бұл ролик әнге түсіріліп жатқан бейнебаянның үзіндісі болып шықты", - деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал продюсерлік орталықтың өкілі бұл видеоны түсірудегі мақсат тәртіп сақшыларының намысына тиіп, қызметтерін келеке етуді емес, жол ережесін бұзған жүргізушілердің осындай бейәдеп қылықтарға баратынын көрсеткісі келгенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір