• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:18:17
Алматы
+12°

06 Маусым, 2019 NEWS

Анықтама алу дауы: Ер адам ХҚКО қызметкерін соққыға жықты

Соққыға жығылған қызметкер полицияға арыз жазды. Ер адамды тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

Өзге адамның атына анықтама алмақ болған ер адам ХҚКО қызметкерін соққы жықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook парақшасында жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына мекенжай анықтамасын алуға келген ер адамның құжаттағы түріне күмәнданған мемлекеттік корпорацияның қызметкері одан туған күнін айтуды сұраған. Өйткені алдына келген азамат пен құжаттағы адамның түрлері екі бөлек болған.

Алайда, азамат қойылған сұраққа жауап бере алмай, қызметкерді балағаттап, боқтық сөздермен қорлай бастаған. Бөлім меңгерушісі тәртіп сақшыларын шақырған кезде, ол көшеге жүгіріп шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Кейін белгілі болғандай, ХҚКО-ға баласы бар әйел күйеуінің атына анықтама алмақ болған. Келіншек кезекте тұрған ер адамнан анықтама алып беруін өтінген. Болған жағдайдан кейін келіншек те Қызмет көрсету орталығынан кетіп қалған.

Соққыға жығылған қызметкер полицияға арыз жазды. Ер адамды тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір