10 Маусым, 2019 Экономика
Сайлау өтті. Енді теңгенің тағдыры не болмақ?
Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 383,01 теңгеге тең болды
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының мәліметін негізге ала отырып. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 383,01 теңгеге тең болды.
Еске салайық, 7 маусымда доллар бағамы 383,28 теңге болған. Таңғы сауданың бірінші келісімі 383,2 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 382,95 теңге. Сауданың жалпы көлемі 182,5 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 385,5-386 аралығында.
Нұр-Сұлтан уақытымен 11.10-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 63,65 доллар болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір