• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:11:15
Алматы
+35°

27 мамыр күні Ғылым ордасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысымен «Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру: дәстүр мен дін мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. адырна Дөңгелек үстелді «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Әубәкір ашып, келген қонақтарды таныстырды. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Серік «Ұлт қорғаны – ұлттық құндылықтар» тақырыбында, ҚазБСҚА-ның ассистенті, профессор Мейірманов Аманжол «Діни бірегейлік және рухани құндылықтар үндестігі» тақырыбында баяндама жасады. адырна Сондай-ақ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Ғалымжан Дүйсен мен Бердалы Оспан, Ерлан Төлеутай есімді этнографтар ортаға шығып сөз алды. Дөңгелек үстелде студенттермен, қонақтармен пікір алмасу болып, сөз алғандар өз ойларын ортаға салды. адырнаадырнаадырнаадырна

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Адырна

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір