• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:49:28
Алматы
+12°

Елімізде кешегі өткен Президенттік сайлау жоғары деңгейде, ашық әрі әділ өтті деп айта аламын. Халық ерікті түрде өз таңдауын жасап, дауыс беру учаскелеріне лек-легімен келіп жатты. Тіпті, сайлау алды науқанның, дайындықтың жүйелі ұйымдастырылуы, бұл жолғы сайлаудың таласты, тартысты өтуіне жол ашқан секілді.

Олай дейтінім, мен өзім республикалық штаб мүшелерінің қатарында болдым. Жамбыл обылысына барып, шаруашылықтағы әріптестеріммен, ауыл халқымен жолығып, пікірлерін білдім. Қанша адам болған жерде сонша пікір болатындығы айдан анық. Мен әуел бастан-ақ еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан, өз ісінің маманы, дипломат Қасым-Жомарт Кемелұлын таңдаған адаммын. Халықтың бір бөлігі өзге үміткерлерге дауыс береміз деп жатты. Сонда, жаңағы өзім жолыққан халықтың басым көпшілігі «бұл қалай болғаны, ел басқаруға, соған лайықты, тәжірибелі адам келуі керек емес пе?! Ертең біз отбасымызбен барып дауыс бермесек, басқа кандидаттар алға шығып кетуі мүмкін, біз түгел сайлауға қатысамыз десіп жатты».

Ал кеше, сайлаумен қатар Елордада қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысын» ұйымдастырдық. Сол жерде Қасым-Жомарт Кемелұлына жолығудың да сәті түсті. Сөз арасында ол кісі маған «Әй, Жәке! Қазақ спортшылары бокстан әлемдік аренада өнерін көрсетіп, танымал болып жатыр, елімізді де таныстырып жүр. Ал, күрес неге ондай дәрежеде емес? Әлде спорт саласына көрсетілетін қолдау шараларын күшейту қажет пе? Біз біржақты емес, жан-жақты дамуымыз керек!» дегенде, нақ осы кісі Елбасы саясатын жалғастырып, елдегі бірлік пен берекені, тыныштықты сақтай отырып, елімізді алға жетелейтіндігіне тағы да көзім жетті.

Сондықтан, кешегі күн барлығымыз, оның ішінде шетелдік мамандар да халықтың саяси сауаттылығына, белсенділігіне куә болып, көңіліміз толған күн болды!

Олимпиада чемпионы

Жақсылық Үшкемпіров

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір