• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Маусым, 2019 Әлемде

Отанды сүюді немістерден үйрену керекпіз (видео)

Қазақстанда 9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауына шетелдегі қазақтар да белсене атсалысты

Сайлау күні әлемнің әр мемлекетінде жүрген қазақ азаматтары, Қазақстанның бұрынғы тұрғындары ел тағдырына алаңдап, сайлауға белсенді түрде атсалысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Boke Abikaev есімді қолданушы жеке парақшасына Германия еліндегі Қазақстанның бұрынғы тұрғындары неміс ұлт өкілдерінің қазақ даласына, қазақ халқына деген алғысы ретінде дәл сайлау күні әнұранымызды ойнатып қойып, еліміздің көк туын көкке көтеріп, құрмет көрсеткенін бейнелеген видео салған екен.

Видеоға "Отанды сүюді мына немістерден көріңдер. Алыста, басқа мемлекетте жүрсе де жүректері қазақ даласында. Мың алғыс бұларға. Қазақтар, көрсеңдер, бірігіңдер, жан-жаққа  тарамай тұрғанда!" деген жазба қалдырған. 

"Сайлау күні біздің таңдауымызсыз-ақ таңдау жасаса да, туды көтереміз. Жерлестерге сәлем жолдаймыз!" дейді видео авторы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір