• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:12:24
Алматы
+12°

11 Маусым, 2019 NEWS

10 айлық сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды

Бастапқы кезде бала менингокок инфекциясынан қайтыс болды деген ақпарат тараған.

DonDay

Орал қаласында 10 айлық сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Время газетіне сілтеме бере отырып.

«10-маусым күні облыстық көп салалы балалар ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды. Өлімге бактериалды инфеция себепші болды»,- деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мекеменің айтуынша, дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін бар күштерін салған.

–Күнделікті бақылау жұмыстары жүріп отырды. Ана мен бала орталығының мамандарымен телемедицина бойынша сырттай консультация өткізілді. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар аурулары кафедрасының доцентымен жеке кеңес өткізілді. Алайда, өкінішке орай, баланы құтқара алмады,- деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Айнагүл Сакпусунов.

"Бастапқы кезде бала менингокок инфекциясынан қайтыс болды" деген ақпарат тараған, бірақ БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растамады.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір