• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:27:42
Алматы
+35°

12 Маусым, 2019 Саясат

Қазақты ұйқысынан кім оятты?

Қазақ деген  ұлтты осы шектен шыққан қатыгездігімен ұйқысынан шошытып оятқанын біле ме екен?

Матрица.kz

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау кезінде, атап айтқанда, 2019 жылдың  9 – 12  маусымы аралығындағы елдегі барлық күштік құрылым атаулылардың (полиция, әскер,  сот, прокуратура, ҰҚК, т.б.) айрықша қырағылық танытып, ай мен күннің аманында көшеге шыққан барша қазақтың бет-жүзіне қарамай арнайы көліктерге күштеп тоғытулары, олардың көпшілігіне айыппұлдар салуы, пәленбай тәулікке қамаулары артында кім тұр деп ойлайсыздар?..

Уақытша президенттік қызметті атқарып жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев әлі толық президент болып сайлана қойған да жоқ. Онсыз да ана «құдайға» имене әрі жалтақтай қарап  отырған жанның өзінің қолында емес күш құрылымдарын өз халқына дәл анадай деңгейде айдап салады дегенге әзірге негіз де жоқ сияқты еді.

Өз халқына (оның өз халқы бола қойса?) соншама қатыгездік танытудың артында бір ҮРЕЙДІҢ тұрғаны анық!..

Бірақ, әбден қажыған, Қытайға, басқаға есепсіз тоналған Қазақ деген  ұлтты ол осы шектен шыққан қатыгездігімен ұйқысынан шошытып оятқанын біле ме екен?

Бұл жолы біздің «қойдан жуас» қазақтың отыз жылға созылған ұйқыдан шошып оянғаны – айдай Ақиқат еді!!!

Енді біздің ұлт ешқашан да қайта қалғымайды!

Ұзақ жыл өз жерінде өгей баланың күйін кешкен қазақ әбден ашынды десе де болады. Ашынған ҰЛТ - қандай күштен де қорықпайды, тайсалмайды! Қарсы шабады, күш қолданғандарға!

Қазағымды ұйқысынан шошытып оятқан күштік құрылымдары емес!

Сайлаудағы сұмдықтарды өз көздерімен көрген әрі ашынған қазақ сайлаушыларының өзі еді!

Осы дүрбелеңге толы күндер мен түндерде айрықша қайсарлылық пен табандылық көрсеткен, тайсалмаған, қорықпаған, қазақтарым, сендерге сол ерліктерің үшін мың алғыс!!!

Атап айтқанда,  аналарға ашық қарсылық көрсеткен  сан мыңдаған қазақ жастарының болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды!

Қазақ жастары, қазақ деген қайран ұлттың, қайран елдің болашағы енді сендердің қолдарыңда!

Аман болыңдар, бар болыңдар, Ұлт тіректері:

«Арыстандай айбаттыларым!

Жолбарыстай қайраттыларым!..»(Мағжан Жұмабай)

Автор: Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір