12 Маусым, 2019 Саясат
Йемендік хуситтер Сауд Арабиясындағы орналасқан әуежайға шабуыл жасады
Йемен шекарасына жақын орналасқан әуежайдың ауа хабарламалары үзілді
Йемендік "Аңсар Аллах" қозғалысының жақтаушылары Сауд Арабиясындағы Абха қаласындағы әуежайға зымыранмен шабуыл жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Al Massira телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна ақпараты бойынша Йемен шекарасына жақын орналасқан әуежайдың ауа хабарламалары үзілді. Басқа да дереккөздер тексерілуде.
Соңғы ай ішінде хуситтердің зымырандық снаряд және ұшқышсыз авиация көмегімен Сауд Арабиясына шабуылы күшейді. Олар бірнеше рет Наджран және Жизан қалаларында орналасқан әуежайларға соққы жасаған.
Йеменде 2014 жылдың тамыз айынан бері үкімет пен бүлік шығарған хуситтер арасында текетірес орын алды. Бұл жағдайдың жаңа қарқыны 2015 жылдың наурызында Сауд Арабиясы Йеменге әскерін кіргізгенде басталды.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір