13 Маусым, 2019 Саясат
Италиядағы оппозиционер Шахановқа неге шүйлікті? (видео)
Жақында ғана сайлауда кандидат болған Әміржан Қосановты сынға алған оппозиционер Тұрғымбай Ержан Шахановқа үндеу жолдады
Италиядағы қазақ оппозиционер еліміздің ертеңі үшін шырылдаған Мұхтар Шахановқа өзінің YouTube арнасында үндеу жолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана сайлауда кандидат болған Әміржан Қосановты сынға алған оппозиционер Тұрғымбай Ержан Шахановқа:
«Ассалаумағалейкум Мұхтар аға! Мен елден шетелге шыққаныма бір жарым жыл болыпты, жарты жыл Киевте тұрдым. Қазір Италиядамын, осы жерде жүргеніме бір жыл уақыт болды, іссапармен. Бұл жерде де бір үйде тұрып жатқан жоқпын. Көшпенді қазақтың ұрпағы болған соң, үйден-үйге көшіп қонып жүрмін. Бірақ қай жерге көшсемде сіздің екі кітабыңызды тастамай алып жүремін. Артық салмақ деп ойламаймын. Мен басында саясатқа араласып жүргенде орыс тілінде сөйлейтінмін. Орысша оқығанмын, араласып жүрген адамдарым да орыс тілді еді. Қазақ тілін меңгеру үшін сіздің кітаптарыңызды алып оқыдым. Себебі саясатта жүру үшін қазақ тілін білу маңызды. Айтайын дегенім ол емес. Сіздің беделіңіз халық арасында, менің көзқарасымда биік болатын. Халық сізді ұлтжанды тұлға деп танитын. Бір түсінбейтінім, сіздің Тоқаевты мақтағаныңыз. Мен Тоқаев пен Назарбаев екеуі бірдей деп санаймын. Сол себепті сізбен келіспеймін. Сізге өтінішім, осы арнада тікелей эфирде сұхбаттассақ.. Сізді үкімет те қолдап жатқан жоқ сияқты, мүлдем сөйлеткізбей жатыр сізді. Қазіргі заманға сәйкес тікелей эфир арқылы сұхбаттассақ. Мен сізді күтемін, аға»,- деді.
Сөз соңында оппозиционер өзімен қалай байланысқа шығуға болатынын айтып кетті. Алдағы уақытта осы ұсынысты Мұхтар Шаханов қабыл алса, өздеріңізбен бөлісетін боламыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір