• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:08:56
Алматы
+35°

13 Маусым, 2019 NEWS

Бүгін - Денис Теннің туған күні . Халқы қыршын кеткен спортшыға қандай құрмет көрсетпек?

Бұйдасын ажал ерте ұстаған атақты спортшы тірі болғанда бүгін 26 жасқа толар еді...

caravan.kz

 

Алматы қаласындағы К. Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында спортшының туған күніне орай арнайы мемориалдың ашылу салтанаты өтуі тиіс болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бекітілген уақытта аталған мекен-жайға журналистер мен қала тұрғындары жиылған. Мақсаттары – мезгілсіз ажал құшқан Олимпиада чемпионының ескерткішіне гүл шоқтарын қою.

Десек те, спортшы ескерткішіне гүл қою үшін келгендерді мемориал орынында жөндеу жұмыстары қарсы алды.

Кейін белгілі болғандай, еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты мемориалдың ашылу салтанаты 17-маусымға ауыстырылған.

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өткен жылдың 19-шілдесінде кездейсоқ жағдайда қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Көлік айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді тоқтатпақ болған спортшы ауыр жарақат алады. Жұмсалған пышақ спортшының тамырын кесіп жіберіп, жарақат салдарынан Олимпиада чемпионы қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір