• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:35:01
Алматы
+35°

Еліміздің танымал әншісі Қайрат Нұртас өзіне айтылған сындар мен пікірлерге жауап берді. Ол өз парақшасына кімге дауыс бергенін және қай партияның делеганты екенін де ашып жазған.

"ҚР азаматы ретінде, 4 баланың әкесі ретінде елді татулыққа шақырғаныма, "клоун", "екіжүзді" деген сөздерді, тіпті намысыма тиетін сөздерді жазыпты. Ия, мен Нұр Отанның делегатымын. Ия, мен Тоқаевқа дауыс бердім, себебі ол кісіден басқа лайықты кандидат көрмедім. Ия, мен Нұр Отанның съезінде ән айттым, өйткені мен әншімін. Егерде ол жаққа тығылып барып, инстаграмда басқаша сөйлеп отырсам,әңгіме басқаша болар еді. Мен ешкімнен ештеңені жасырған емеспін. Мен алдыңғы күні Үкіметтен шеруде қамалғандарды босатуын сұраған болатынмын, мінекей кеше Қасымжомарт Кемелұлы барлық шеруде қамалғандарды заңға сәйкес босатуды бұйырды. Бұлда бір мұздың қозғалғаны. Бұл дүние де барлық нәрсе Алланың қалауымен болады. Мен саясаткер емеспін, мен қолында билік бар адам емеспін. Бірақ маған келген миллиондаған xаттарға байланысты, xалықтың уәжін, аманатын жеткізу парызым. Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы! Сіздің ресми түрде Президент болғаныңызбен шын жүректен құттықтаймын! Аса құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сенім артқаннан кейін мен Сізге сенемін. Сіздің қарапайым екеніңізді, xалыққа жақын екеніңізді де білемін! Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда, xалықтың бір өкілі ретінде, Сізге xалықтың аманатын әлеуметтік желіде жеткізуді жөн санадым! Ең бірінші мәселе жастардың жұмыссыздығы, жастар оқу бітірген соң қайда барарын білмей қаңғып жүргендері аз емес... Екінші мәселе, қарапайым xалықтың алатын айлығы өте аз, көп адамның ашынып отырғаны да осы мәселе... Өз сөзіммен айтқанда былай тартсам да жетпейді, былай тартсам да жетпейдінің күйін кешіп отыр. Осы мәселелердің оң шешімін табатынына күмәнім жоқ. Биылғы 2019 жыл Жастар жылы болуына байланысты жастарды қолдауыңызды және де Нұр Отанның делегаты ретінде, жастардың бір өкілі ретінде мені қабылдауыңызды сұраймын! Ешбір қазақтың жыламағанын Сізде, менде қалаймыз! Үлкен рақмет!"

Дереккөз: Қайрат Нұртастың Instagram парақшасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір