• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:01:35
Алматы
+35°

Фото Ертай Нүсіпжановтың Facebook парақшасынан алынды

Санитарлық нормаларды дұрыс сақтамай жатқан кім?
-Халық!
-Вирус бар дегенге сенбей сенделіп жүрген кім?
-Халық!
-Індеттің жаппай таралып жатқанына кім кінәлі?
-Тағы да халық! Халық, халық...
Бұл елдің түбінде бәріне кінәлі боп шығатын Халық деген бір "Қожасы" бар, әйтеуір. Ал өздері шеттерінен "ақылды", "тап-таза"...

Талапты орындамасаңдар карантинді күшейтеміз деп үркітіп, қорқытатындары да - халық. Қысқасы алысқандары - халық, күрескендері - халық. Бұл биліктің халықты жазғырудан басқа айналысатын ісі жоқ па өзі? Жуас халықты жүндей бергеннен не ұтамыз дейді сонда? Қорқытып тәрбиелеген жасқаншақ ұрпақтан ертең қандай қайсар ұл мен қыз шығады?..

Егер билік Халықтың сенімінен айырылмаса жағдай осылай ушығатын ба еді? Халқының сенімін алған елдердің індет жағдайын бақылап көрдіңіз бе? Алысқа бармай-ақ, көрші өзбектерді қараңызшы. 37 млн халқының ішінде вирус жұқтырғандарының саны 5 мыңға жетпейді... Мұндағы мәселе ақпараттың аздығында, айтқанға ұқпағандықта немесе бәзбіреулер ойлағандай қазақтардың санасыздығында емес. Халық билікке сенбейді. Бар кілтипан осында. Әйтпесе, өзбектің медицинасы күшті ғой дейсіз бе? Әлде вирустың қауіптілігін басқалардан артық ұғып кетіп пе? Ондай елдерде билікке сенім артқан халқы бар. Айырмамыз осы-ақ...

Қазіргі халықтың күйі перзент жолында жанын пида еткен ана образын елестетеді. Ондай ана өз басын, өз денсаулығын ойлай ма? Жеке басына төнген кез келген қауіптен қорқа ма? Сол сияқты жеке бас, бала-шаға қамының қасында халық үшін вирусың да, басқаң да қоқынышты емес. Тұрмыс қамы жолында кез келген қатермен бетпе-бет келуге бар.

Халықтық санадағы қауіптің орындары ауысып кеткен... Оны емдеу керек. Біз үшін бәлкім коронавирустан да қатерлі індет осы шығар? Ал қоғамға төнеген қатердің жалғыз емі - бірлік пен сенім екенін түсіну керек.

Қысқасы, билік пен халықтың арасында бірліктің, ынтымақ пен сенімнің жоқтығы вирустың фонында тағы да байқалды. Бүйтетін болса ертең ұлттың басына қатер төнген жағдайда қайтпекпіз? Елестетудің өзі қорқынышты...

Халықтың сенімі үшін тер төкпеген, елдің қамын шын ойламайтын биліктің оңбасы анық. Мұны ойлап жатқан олар бар ма? Әй...

Ертай Нүсіпжанов,

Facebook парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір