• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 16:58:37
Алматы
+12°

14 Маусым, 2019 Саясат

Қазақстан Қытайға 203 млн доллар қарыз. Неге?

Жаңа үлгідегі жер үсті метросының құрылысына көрші мемлекет қыруар қаражат бөліпті.

astanatimes.com

 

Қазақстан LRT құрылысы үшін Қытайға 203 миллион доллар қарыз. Бұл туралы елорда әкімшілігінде сөз болды. Көлік және жол-көлік инфраструктураларын дамыту басқармасының мәліметінше, біздің ел жасалған жұмыстар үшін қаражатты қытайлық компаниядан қарызға алған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

22 шақырым аумақты алып жатқан құрылыс алаңындағы әрекеттің қайта жанданар уақыты беймәлім. Бір анық – құрылыс қайта қаржыландыру жүзеге асқаннан кейін басталмақ.

Еске сала кетейік, біршама уақыт бұрын аталған жобаны жергілікті әкімшілік пен Үкімет ішкі қаржы көздері арқылы жандандыруды көздеп отырғаны мәлім болған. Демек, жер үсті метросы келесі жылдың екінші жартысында қолданысқа енуі мүмкін.

Қазірге дейін атқарылған жұмыстардың белгілі бір бөлігін қытайлық компания қаржыландырып келген. Іске асқан жұмыстың құны – 203 миллион АҚШ доллары.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір