• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:18:00
+8°

Жапонияда 2024 жылдың алғашқы жартысында 40 мыңға жуық адам өзінің үйінде жалғыздықта көз жұмған, деп хабарлады ВВС.

Ұлттық полиция агенттігінің дерегінше, 4 мың адамның денесі қайтыс болғанына ай өткеннен кейін, 130 мәйіт жыл өткеннен кейін анықталған.

БҰҰ мәліметтері Жапония қарттар саны жөнінен әлемде бірінші орында екенін көрсетеді. Жапонияның халық саны және оның әлеуметтік қамтылуы туралы ұлттық институты 2050 жылға қарай елде 65 жастан асқан жалғызбасты азаматтар саны 10,8 млн адамға жететінін болжап отыр.

Сәуір айында жапон үкіметі жалғыздық пен қоғамнан оқшаулану мәселесін шешуге бағытталған заң жобасын таныстырған. Елде ұлттық қартаю мәселесі бірнеше ондаған жылдан бері өте өзекті. Жапония ұлттық қартаю мен халық санының азаюына қарсы тұра алмай келе жатқан елдердің бірі. Былтыр елдің премьер-министрі Фумио Кисида Жапония туу көрсеткішінің төмендігіне байланысты қоғам ретінде әрекет етуін доғарудың аз-ақ алдында деп дабыл қаққан.

Тууы көрсеткішінің төмендігінен ұлттың қартаю процесі Жапониядан бөлек, Қытай мен Оңтүстік Кореяда да жылдам белең алып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір