14 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!
Марғұлан Сейсембай: Мені Президент әкімшілігіне не үшін шақырды?
Мен бүкіл процесстердің әділ және ашық өтуін талап еттім.
Бүгін мені президент әкімшілігіне кездесуге шақырды. Кездесуді президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Дархан Қалетаев бастады. Кездесуге мен, Дархан Қалетаев және ҚР Президентінің кеңесшісі - Ерлан Қарин қатысты.
Бірнеше сұрақтарды талқыладық.
1. Менің кеше жазған ұсынысым жайлы. Жүзеге асырудың техникасы мен механизмін қалай көріп тұрсын деп сұрады. Мен оларға өз көзқарасымды айтып бердім. Азаматтық қоғамда лидерлер пайда болу үшін съездер мен жиналыстарды ашық өткізуге және барлық қауымдастықтардың "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық Кеңеске" өз өкілдерін таңдауға мүмкіндік беру қажеттігін айттым. Олардың тарапынан партиялардың, президенттікке бұрынғы кандидаттардың және Атамекен өкілдерінің автоматты түрде қатысуы туралы мәселе көтерілді. Мен сол кезде бұл кеңеске деген сенімнің жоғалатынын айттым. Мен әр саяси партиялардан бір өкілден шығып, ұсынуына келістім, бірақ Атамекен және президенттікке ұсынылған бұрынғы кандидаттар қайтадан 10 мың қолдан жинап шығуын талап еттім. Менің ойымша, бұл әділ болады. Кейбір кандидаттардың бұл санды жинай алатынына күмәнім бар.
2. Қолдарды санау және тексеру жайлы. Менің ұстанымым бойынша, тексеру комиссиясын 50/50 қатынасында билік пен азаматтық қоғам өкілдерінен құру керек. Азаматтық қоғамнан біз өткен сайлауда принципті жағынан өздерін жақсы көрсеткен белсенділерді сол жерге жібере аламыз. Тексеру комиссиясы азаматтық қоғамның өкілдерінің қолдары мен мандаттарын растағаннан кейін президент "Саяси Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның» жұмысы басталатынын жариялайды.
3. "Ұлттық комиссия" жұмысы бойынша.
Мен Ұлттық комиссияның ең маңызды және қарастыратын негізгі мәселердің бірі ол "Сайлау туралы заңға" өзгерістер мен толықтыруларды еңгізуі және ҚР Парламентінің сайлауын ұйымдастыруы екенін айттым.
4. ҚР Парламенті бойынша. Мен парламенттің кем дегенде 50% - ы мажоритарлық принцип бойынша, ал қалған 50% - ы пропорционалды принцип бойынша қалыптастырылуы керек деген пікірімді білдірдім. Бірақ бұл жағдайда да сайлауға кем дегенде екі жаңа партияны жіберу мүмкіндігін енгізу керек.
Сондай-ақ, әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасау және митингілер кезінде ұсталғандарды босату мәселесі талқыланды. Маған: "заңда әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасау қарастырылмаған" деп жауап берді. Олардың айтуы бойынша, бұл - сайлау кезіндегі уақытша шара, билік бүгін-ертең барлық ұсталғандарды босатады деген сөз айтылды.
Тағы бірнеше шағын, техникалық мәселелер талқыланды. Жалпы, мен билік тарапынан жағдайды өзгертуге деген ниетті көрдім. Мен бүкіл процесстердің әділ және ашық өтуін талап еттім. Негізінде, билік тарапынан саяси реформалар қажет екенiн және олар пісіп-жетілді деген түсінік бар. Сұрақ тек жылдамдық пен техникада ғана.
Марғұлан Сейсембай
"Фейсбук" парақшасынан
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір