• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:39:28
Алматы
+35°

15 Маусым, 2019 Әдебиет

Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына екі Toyota Camry-70 сыйға тартты (фото)

Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзін қолдап келген Жазушылар одағы екі автокөлік сыйлады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына екі көлік сыйлады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қазақ ақыны, "Дарын" жастар сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына, қаламгерлер игілігіне қос бірдей темір тұлпар сыйлады. Детектив жанрының негізін қалаған аяулы әкесінің әріптестеріне деген құрметі осылай болса керек.
Құтты болсын" делінген жазбада.

Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Ұлықбек ЕсдәулеткеToyota Camry-70 машиналарының кілтін табыстады.

Жазушылар одағы қос тұлпар

Бұл жапониялық көліктердің құны арзан емес. Бағасы 10 420 000 мен 17 120 000 млн теңге арасында тұрады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасынан кейін мемлекет басшылығына келген Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамасын жазушылар одағы қолдап келеді. Жазушылар одағы  Қасым-Жомарт Кемелұлының  Астана атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуін құптаған еді.

темір тұлпар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір