• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:40:29
Алматы
+35°

16 Маусым, 2019 Оқиғалар

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлады (видео)

Ішінде екі бала мен жүргізушімен бірге алты ересек адам болған.

 

Алматы облысының Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының маңында автобус аударылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Автобус үлкен Алматы каналына түскен. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жолаушылар Талғардан Алматыға бара жатқан. Ішінде екі бала мен жүргізушімен бірге алты ересек адам болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа көліктің дөңгелегіндегі ақау себеп болған, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жол апаты түскі сағат үш кезінде Талғар – Алматы жолында болды. Автобус жүргізушісі - 56 жастағы ер адам. Апат салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді", - деп хабарлады облыстық полиция.

Оқиға бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір