• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 07:26:39
Алматы
+12°

16 Маусым, 2019 Оқиғалар

"Анасын өлтіріп, ағасын пышақтаған". Бас күдікті – хоккейшінің 15 жастағы баласы(видео)

Хоккейшінің отбасындағы қайғылы оқиға 13 маусымда болған.  Бейсенбі күні Петербург маңындағы Романка қонысында Соколовтың 15 жастағы кіші ұлы Арсений көшеге жүгіріп шығып, көршілерін көмекке шақырған

Хоккейден Ресей құрамасының бұрынғы қақпашысы Максим Соколовтың әйелі Ирина  Соколова кісі қолынан қаза тауып, ұлы кіші-Максим Соколов аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sport-express.ru сайтына сілтемежасап.

Ресейлік сайттың жазуынша, хоккейшінің отбасындағы қайғылы оқиға 13 маусымда болған.  Бейсенбі күні Петербург маңындағы Романка қонысында Соколовтың 15 жастағы кіші ұлы Арсений көшеге жүгіріп шығып, көршілерін көмекке шақырған. Ол ағасы Максимнің  (қақпашының үлкен ұлының) есінен ауып, анасын өлтіргелі жатқанын айтқан. Арсений зейнеткер көршісінің бірімен үйіне қайтадан кіргенде  Иринаның өлі денесі мен оның жанында 18 жастағы кіші-Максимнің қансырап, жаралы жатқанын көрген. Содан бері тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Соколовтың үлкен ұлы ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр.

Кіші ұлы Арсенийдің айтуынша, анасымен әңгімесі жараспай қалған ағасы кіші-Максим шешесіне пышақ ала жүгірген. Содан кейін өзіне де қол жұмсауы мүмкін екен. Ал тергеушілер бұл жағдайдың мүлде басқаша жағдайда өрбуі ықтимал екендігін жоққа шығармайды.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, қазір хокейшінің отбасындағы қанды оқиғаға байланысты әр түрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Себебі қақпашы Соколовтың кіші ұлының қылықтары – тым күдікті. Анасының өлі денесін көріп, ашу-ызаға ерік беріп, ағасын өзі жарақатауы да мүмкін. Тіпті анасын да өлтірген кіші ұлы болуы ықтимал. Кейінгі жылдары семсерлесу спортымен айналысып жүрген Арсенийдің пышақ ұстау білетіндігіне полиция қыметкерлері шүбә келтірмейді.

Ресейлік басылымдардың соңғы мәліметінше, аталған оқиңғаға байланысты Арсений Сокалов анасы бас күдікті ретінде қамауға алынды. 

Максим Сокалов 2000 жылдары хоккейден Ресей құрамасының қақпашысы болған. Ол Турин Олимпиадасына қатысқан, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Максим Соколов қазір шайбалы хоккейден Петербордың СКА клубының жастар құрамындағы қақпашыларды жаттықтырады. Ал үлкен ұлы, яғни кіші Максим – СКА-1946 клубында қақпашы. Кіші ұлы Арсений болса, әу баста балалар командасының қақпашысы болған. Одан кейін семсерлесу спортымен айналыса бастаған.  Айта кетейік, үлкен-Максим әйелі Иринамен 2017 жылы ажырасып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір