• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:08:55
Алматы
+12°

16 Маусым, 2019 Саясат

Марғұлан Сейсембай: Билiк өз билiгiн ешкiмге бергiсi келмейдi, өздерi мәңгi билегiсi келедi

Адамдардың басым бөлiгi бәрiн бiрден алғысы келедi. Демократияны, рақымшылықты, әдiлдiктi, билiктен кек алуды, билiк өзiн-өзi сабап тастау мен харакиридi.

Белгілі инвестор, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай биліктің қолындағы билікті екі тарапқа да тиімді әдіспен шешу жолын ұсынды деп жазады Qamshy.kz  ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды.

"Достар, осы күндерi бiздiң қоғамда келесi қадамдар жөнiнде қызу талқылау мен пiкiрталас тоқтамауда. 
Адамдардың басым бөлiгi бәрiн бiрден алғысы келедi. Демократияны, рақымшылықты, әдiлдiктi, билiктен кек алуды, билiк өзiн-өзi сабап тастау мен харакиридi. Мен де осының бәрiн талап етем, БIРАҚ...

Билiк өз билiгiн ешкiмге бергiсi келмейдi. Өздерi мәңгi билегiсi келедi. Халық ауызын жауып, үндемей оларға ақша төлегендi қалайды. Оларды сынамай оларды мүлдем мазаламайтынын қалайды. БIРАҚ...

Екi жақтың де талаптары мен мүдделерi белгiлi және түсiнiктi, оған тоқтамай-ақ қояйын. Алайда елiмiз бiр болған соң, осы жерде бiрге тұрып жатқан соң бiз бұл шиеленiстi шешуiмiз керек. Оны шешуiнiң екi ақ жолы бар:

1. Билiктiң халықты талай рет алдағанына қарамастан келiсiм сөздер мен қадамдық саяси реформалар. Билiк бiртұтас емес екенiн де ескерген жөн. Олардың iшiнде де ақылды, халықтың мүддесiн ойлайтын тұлғалар мен топтар бар екенiн ұмытпау керек.
2. Алаң мен революция. Онда қан төгiске дайын болған жөн, өйткенi билiк әлi күшiнде, олардың жеңiлү бағасы өте жоғары, халық талаптарының бiрi билiктi жаулап алып бұрыңғы билiктен кек алу. Оның үстiнде ҰҚШҰ (Ұжымдық Қауыпсiздiк туралы Шарт Ұйымы)-ның келiсiмi бойынша Ресей өз әскерiн Қазақстанға ресми түрде кiргiзе алады.

Ал ендi осы жағдайда, әр адам өзiнiң нақты таңдауын жасау керек. Ал эмоцияға түспей ақылды түрде таңдау жасау үшiн мен сiздiң әр адамды мынандай сынақтан өткiзгенiңiз дұрыс болар деп ойлаймын:

Бiрiншi.
Сiздiң ең басты есте ұстайтыныңыз ол адам сөздерiнiң ең тұрақсыз және сенiмсiз нәрсе екенi. Адамдардың шешен, әдемi сөздерiне сенуге болмайды. Сөздердi бұрмалап, түсiнiктер мен ұғымдарды айырбастап, сөзбен миларыңды шiрiтiп жiберуге шебер адамдар көп.

Екiншi.
Әр адамның өзiнiң сөзi үшiн ненi тәуекелге, қауыпке салып отырғанын қараңыз. Ол өзiнiң өмiрiн, бас бостандығын, атағын, ақшасы мен мүлiгiн өз сөздерiмен қауыпке төндiрiп жатыр ма әлде ол нәрселер қауыпсiз жерде ме. Сөз сөйлеп сiздi ертетiн адамның өзi, оның жанұясы, мүлiгi, елмен бiрге ме, әлде шет елде ме. Осының барлығын ол өзiнiң таңдауы үшiн жоғалтуға дайын ба, жоқ па?

Қазiргi жағдайда ең маңызды нәрсе ол сiздердiң талаптарыңыз емес, ол сiздердiң өз талаптарыңыздың орындалуы үшiн сiз қандай баға төлеуге дайынсыз деген сұраққа жауап.

Үшiншi.
Кез келген адамға сенiм арту үшiн әрқашан оның iсiне қараңыз. Ол өзi үшiн, қоғам үшiн қандай жетiстiктерге жеттi, не iстедi, не iстеп жатыр, оның қимыл әрекетiне қараңыз. Адам сенiмдi болу үшiн оның сөзi мен iсi бiр болу керек. Ол сөзiн iстерiмен дәлелдеу керек.

Төртiншi.
Адамға сену үшiн оның ниетiне қараңыз. Ниеттiң екi түрi болады- ашық ниет және жасырынды, iшкi ниет. Жасырынды ниетiне назар аударыңыз. Адамның жасырынды ниетi ол билiкке қол жеткiзу ме әлде қоғамның мүддесiн қорғау ма? Билiкке талпынған адам әрдайым сiздердi өз мақсаттарында қолдануға тырысады және әрқашан өзiне бәсекес бола алатын адамдарды жамандайды. 
Қоғам мүддесiн көздеген адам керiсiнше кез келген жақсы идеялары бар белсендi адамды қоштап онымен бiрге қызымет жасауға тырысады.

Осы сынақ пен менiң пiкiрiм бойынша, шиеленiстi радикалды алаң арқылы шешуге шақырған адамдар Қазақстанда болып алаңға шыққан халықтың алдында болу керек деп ойлаймын. Олар өздерiнiң мақсаттары үшiн өз бостандығы мен денсаулығын тәуекелге салу керек. Ыстық жаңғақтарды оттан бiреудiң қолдарымен емес, өздерi де отқа қолдарын сұғуы керек. Сонда ғана олар халықты алаңға шақыруға моральды хаққа ие болады.

Мен өз таңдауымды жасадым. Ол халықтың мүддесiн көздеп диалог пен келiсiмсөз жұмысы арқылы саяси реформаларды алға жүргiзу. Мен осы таңдауым үшiн тәуекелге өзiмнiң бостандығымды, жақындарымның жағдайын, ақша мүлiгiмдi қойдым. Мен Қазақстандамын, жанұям да осында, менiң барлық банк шоттарым мен мүлiк инвестицияларым елде. Мен өз мойныма ерiктi түрде үлкен қауып алып отырмын.
Егер кез келген адамды билiк көп дегенде 15 тәулiкке жапса, менi ауыр баптармен талай жылға отырғызуы мүмкiн. Осының бәрiн бiле тұра мен билiкке ұнамайтын шындықты айтып, ашық сөйлеп, күнде өз өзiмдi екi талай жағдайға соқтырып жүрмiн. Менiң шет елге кетiп әп әдемi, қиындықсыз өмiр сүруге жағдайым әбден жеткiлiктi. Бiрақ мен болашағымды басқа елде көрмеймiн, мен өзiмнiң елiмде жүрiп, күнде бiр адым болса да оны жақсартуға әрекет жасап жүрмiн.

Мен тәукелге бәрiн қойып, қолымнан келетiнiмдi жасап жүрмiн, сiз ше? Сiз жарқын болашағыңыз үшiн қандай бағаны төлеуге дайынсыз? Әлде сiз жәннәтқа бiреудiң арқасында жетейiн деп жүрсiз бе?

Сiздер дұрыс түсiнуiңiз үшiн айтарым. Мен алаңға шығушыларға қарсы емеспiн. Бұл олардың хақысы. Мен алаңға аңқау, кездейсоқ адамдардың шықпауы үшiн жазып отырмын. Алаңға тек тәуекелдi алып, өздерiн құрбандыққа шалуға дайын адамдар ғана шығуы тиiс" делінген жазбада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір