• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 15:35:04
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

18 Маусым, 2019 Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлының "аңдамай айтқан" сөздері һәм "атышулы" әрекеттері (видео)

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандарына Мұхамедиұлының әзілге айналған сөздері мен "әпенді" әрекеттерін ұсынады.

Кеше, яғни, 17 маусымда Қазақастан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. Әзірге оның қандай қандай қызметке кіріскені белгісіз. Бізге белгілісі - енді Мәдениет және спорт министрлігін Ақтоты Райымқұлова басқаратындығы. Ол бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары болған.

Орынбасарына орнын босатып берген Мұхамедиұлы аталған министрлікті бес жыл басқарды. Нақтырақ айтсақ, ол 2014 жылдың 13-наурызында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елдегі мәдениет министрі болып тағайындалса, 2014 жылдың тамыз айында Мұхамедиұлы басқаратын министрліктің ауқымы кеңейіп, атқаратын жұмысы көбейді. Сол сәттен бастап Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі болды.

Бес жыл бойы бір мемлекеттің мәдениеті мен спортына жауапты бірінші адам болған Арыстанбек Мұхамедиұлы осы аралықта көпшілкке кеңінен танылды. Оның аңдамай айтқан сөздері әзіл-қалжыңға айналып, билік өкілдернің жиынында әріптестерін  күлкіге қарық қылса, "алаңғасырлықпен" істеген іс-әркеттерін көпшілік қауым қатал сыңға алып, келекетен кездері де болған. Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандарына Мұхамедиұлының әзілге айналған сөздері мен "әпенді" әрекеттерін ұсынады.

Министрге әнұран әуенінен маңыздырақ болған телефон қоңырауы

2014 жылыдың күзі. Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатты. Қазақстандық атлет Илья Ильин 105 кг салмақта алтын медаль алды. Жүлде алған спортшыларды марапаттау сәті. Илья Ильинннің құрметіне Қазақстанның туы көтеріліп, спортшы тұғырда Әнұран айтып тұр. Жарыс өтіп жатқан "Балуан Шолақ"  спорт сарайына жиналған күллі қазақстандықтар көздеріне жас келіп әнұранды шырқай бастағанда Мұхамедиұлы тұғырда тұрған Ильиннің қолына телефон беріп, тұтқаны құлағына тақай берді. Кейіннен министрдің бұл әркетіне ашуланған желі қолданушылары оны сынның астына алып, жағымсыз пікірлер жазды.

Мұхамедиұлы кейін журналистерге берген бір сұхбатында аталған жағдайға байланысты :«Илья Ильин әлем бiрiншiлiгiн жеңген кезде бiз өте қатты қуандық. Сондай сәттерде әрбiр адам қатты толғаныста болады. Жарыс басталған кезде бiз Ильяға егер ол жеңiске жетсе, оны Мемлекет басшысы жеке құттықтайтынын айттық. Илья жеңiстен соң, бiрден Президентпен қосуын өтiндi», - деген болатын.

Құмар ойын қазынаны қарық қылады

2015 жылы Мұхамедиұлы мәжілісте халықты жаппай лоторея ойнауға шақырды. Ол өзі басқаратын министрлік жанынан орталық ашып, лоторея нарығын жеке қадағаламақ болды. Ол бұл біріншіден қазынаға қыруар қаржы әкелді деп есептеді. Бірақ мәжіліс министрдің бұл ұсынысын мақұлдаған жоқ. 

Министр, актер һәм қыздар

2016 жылы мәдениет министрінің ең атышулы оқиғасы басталды. Арты актерлардың сотты болуымен аяқталған бұл оқиға қазақстандық режиссер Талғат Жәнібековтың видеомәлімдемесінен басталды. Видеода режиссер "Феникс" атты фантастикалық триллерді уақытылы аяқтай алмайтынын айтқан. Ғарышкерлер күніне түсіріліп бітуі тиіс фильмнің тұралап қалғанына режиссер министрдің пара сұрағанын себеп етіп, ашық кінәлады.

"Біз "Феникс" фильмін Ғарышкерлер күніне жақын аяқтаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Алайда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болғалы бері бар жоспарымыз іске аспай қалды. Жаңа басшылық біздің картинаны заңсыз қысып тастады. Енді біз әрі қарай жылжи алар емеспіз", -деді ол.

Бұл жағдайға байланысты іс сотқа дейін барып, Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссерді әкімшілік жауапқа тартқызды. Алайда халық арасында үлкен талқыға тап болған видеоның шуы шиеленісе түсті. Бұл жағдайға танымал актер Тұңғышбай Жаманқұловтың қатысы бары айтыла бастады.

Алдымен  инетернетке Еңлік Сыдықова есімді бойжеткеннің видеосы шыққан болатын. Мұхамедиұлына қарсы бұл видеода Еңлік министрдің ҚазҰӨУ ректоры болып тұрған кезінде өзіне тиіскенін айтады. Қызға жақындамақ болған әрекетімен қоса, министр сол кезде өзі басқарған университетке түсу үшін, Еңліктен 3 мың доллар көлемінде қаржы талап еткен көрінеді.

«Мен хат жаздым. Сосын менімен Жанар Ахмет байланысып, менің оқиғам бірінші және соңғы еместігін айтты. . . Мен бұл министрден зардап шеккен қыздардың барлығы өз оқиғаларын осылай жариялай бастағанын қалаймын. Оны (Арыстанбек Мұхамедиұлы – ред.) қызметтен босатса деймін. Ол министр болуға лайықсыз, оның үстіне мәдениет министрлігіне»,- деді Еңлік.

 

Бұл дау кезінде де театр және кино актеры Тұңғышбай Жаманқұлов шетте қалмады. Мұхамедиұлының мұндай әдеті барын мәлімдеп, Сыдықованың видеосындағы айтылған сөздің бәріне келісетіндігін айтты.

Сыздықованың сөзін растаған танымал актер Арыстанбек Мұхамедиұлының "қаһарына" ілікті. Министрдің қаһарынан қаймыққан Жаманқұлов араша сұрап Қазақстанның сол кездегі президенті Назарбаеқа видеоүндеу жолдады. 

Бірақ президент актерге араша бола алмады. Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын министрлік ақыры діттеген мақсаттарына жетіп, "Феникс" фильміне қатысы Тұғышбай Жаманқұлов бастаған он шақты адам шартты түрде сотталды. Сотталғандарға айыппұл салынды.

"Феникс" фильмі мен Сыздықованың дауынан құтылған Мұхамедиұлына одан кейін де қыздардың арызы толастаған жоқ. "Арыстанбек Мұхамедиұлы жаныстық қатынасқа еріксіз тартуға тырысты" деп видео жариялаған арулар саны көп болса да, министрдің қыздар айтқан бұл әрекеті заңмен дәлелденбеді.

"Ит тағдырына алаңдаған Арыстан"

2018 жылдың 28-тамызында  Жора Морозов есімді фейсбук қолданушысы өзінің парақшасында қазақтың тазысын қорлап жатыр деген жазба жариялаған болатын. 

тазы ит

Тазылар туралы жазбаны түнде оқыған министр бірден іске кіріскен. Ол фейсбук парақшасында: "Достарым, бүгін түнде маған «Этноауыл» ұлттық-мәдени орталығы аумағында («Қазанат» ипподромы) екі тазының жағдайы туралы сілтеме келді. Таңнан бастап жағдайды анықтауға кірістім.

Мекеме балансында бірде-бір ит жоқ. Иттер тұрған қамаулар «Этноауыл» аймағындағы шараларға қатысатын сырттан әкелетін жануарларға арналған. Екі иттің де иесі - Бекболат есімді жеке тұлға, оларды Павлодардан әкеліпті. Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын екі ит қоршаудан жоғалып кетіп, 10 күн іздестіруден кейін өте нашар жағдайда қайтарылыпты. Иттер жоғалғаны туралы полицияға берген арызы бар.

Менің нұсқауыммен екі итті де Астананың ветеринарлық клиникасына апарып, сол жерде толық медициналық зерттеуден өтіп, қажет ем қабылдайтын болады. Ветеринарлардың қорытындысы бойынша, жануарлардың жағдайы қанағаттанарлық: тазы стандартқа сәйкес арық болуы керек. Біз иттерді істің мән-жайын анықтағанша сол жерде қалдыруды шештік.

 

тазы ит

Ішкі қызметтік тексеру басталды. Кінәлілер міндетті түрде жазаланатын болады. Иттердің қожайынымен келісімшартты бұзу туралы және Жора Морозовтың операцияға жұмсалған қаржысын ұстап қалу туралы шешім қабылданды.

Пост авторына жануарға деген мейірімі мен адамгершілігі үшін алғыс білдіремін. Жануарларға мұндай қарым-қатынасқа жол бермеуіміз керек. Бірақ иттердің иесі бер екенін ескеріп, оның жекеменшігін тартып ала алмаймыз. Қажет болса, құқық қорғау ұйымдарына жүгінеміз. Егер қожайынынан иттерді алатын болса, «Этноауыл» оларды өз сапына қабылдап, қауіпсіз және жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасауға дайын", - деп жазды Мұхамедиұлы.

Желі қолданушылары жеті қазынаның бірі саналатын тазылардың тағдырына араша түскен министрдің әркетіне риза болып "Ит тағдырына алаңдаған Арыстан" деген әзіл пікірлер жазды.

Арыстанбек айтқан

"Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі" демекші айтам деп айтпаған немесе айтар ойын басқаша жеткізген Мұхамедиұлының басы дауға қалған кездер де болған. Сол сөздерінің  бірсыпырасын тыңдай отырыңыздар, төмендегі видеодан.

Жігітке жеті өнер де аз 

Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған Арыстанбек Мұхамедиұлы министр кезінде  ән де салды, түрлі аспаптарда да ойнады. Әсіресе, оның 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанда алғаш рет өткен "Ұлттық домбыра күні" қарсаңында оркестрмен күй орындауы көпшілітің есінде ерекше қалды.

Одан бөлек, Youtube желісінде Арыстанбек Мұхамедиұлы музыкалық аспаппен шет тілінде ән айтып отырған видеолары да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Ерома 18 Маусым, 2019

Токаев Назарбаев тын жагымпаз адамдарын алып тастап жатканы Саган унады