18 Маусым, 2019 NEWS
"Келинка Сабина" фильмінің жалғасы түсіріледі ме?
Кинотеатрларда касса жинаудан үздік аталған фильмнің үшінші бөлімі түсірілмек. Қашан жарыққа шығады?
Facebook парақшасынан
Қазақстандық танымал режиссер Нұртас Адамбай «Келинка Сабина-3» комедиялық киносын түсірмек. Бұл туралы режиссер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Біз ақылдаса келіп, ел арасында танымал болған «Келинка Сабинаның» үшінші бөлімін түсіруге шешім қабылдадық", - деді Нұртас Адамбай жазбасында.
Аталған комедиялық туындының біріншісі 2014 жылы, екінші бөлімі 2016 жылы үлкен экранға шығып, жастар арасында танымал болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір