18 Маусым, 2019 Ғылым-білім
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жемқорлықпен күрес стратегиясын қайта қарастырып жатыр. Бұл туралы ведомствоның жаңа басшысы Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасап.
Аймағамбетов жемқорлыққа қарсы күрес министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
"Біз қазір жобалық кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Онда жемқорлықты жою бағытында нақты шаралар қабылданады. Бұған қоса, барлық құқықтық актіге, реттелмеген мәселелерге талдау жүргіземіз", - деді ол үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, мониторинг жасайтын арнайы топтар құрылады. Оның құрамына БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдері кірмек.
"Мен жаңа министр ретінде мұның маңызды мәселе екенін түсінемін. Бұған қоса, біз қазір жемқорлықпен күрес стратегиясын қайта қарастырып жатырмыз. Маңыздысы ұстап алғаннан кейінгісі емес. Мәселе нормативтік құқықтық кемшіліктерде болып тұр. Бұл кемшіліктер көп жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмысына себеп болып жатады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір