18 Маусым, 2019 Спорт
Атақты футболшы парамен ұсталды
Ол 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде Катардың таңдалуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеледі.
inform.kz
Францияда жемқорлық ісі бойынша УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Mediapart ақпараты бойынша, 63 жастағы шенеунік полицияның жемқорлықпен күрес бөліміне жеткізілді. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде Катардың таңдалуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеледі.
Әлем чемпионатын өткізетін елді таңдауға бірнеше күн қалғанда Платини Катар футбол федерациясының өкілдерімен кездескен делінуде. 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізуге АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Австралия өтініш берген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір