20 Маусым, 2019 Барлық аймақтар
Сайлау кезінде әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты Бас Прокуратура түсініктеме берді
Осыған дейін сайлауға қатысты 36 әкімшілік іс қозғалған. Қазірге дейін 30 іс қаралып, 9 сайлауға қатысушы мен 11 комиссия мүшесі әкімшілік жазаға тартылды.
Бас прокуратура сайлау кезінде қызу талқыға түскен видеоға қатысты түсініктеме берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда сайлау кезінде әлеуметтік желіге кеңінен таралған видеолар тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
Хабарламаға сүйенсек, сайлау кезінде ешқандай заң бұзушылық орын алмаған.
"Қазіргі таңда сайлау кезінде БАҚ -та жарияланған барлық видеоларды тексеріліп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желіде таралған бірнеше бюллетендерді салып жатқан видеолар да тексерілетін болады. Бұған дейінгі ақпараттың барлығы дерлік расталмады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, аталмыш видеолардың уақыты мен орнына қатысты ақпарат жоқ. Бас прокуратура кез келген заң бұзушылыққа қатысты шара қолданатынын және барлық ақпараттар сотқа жіберіліп, кінәлілер жазаға тартылатынын айтып сендірді. Осыған дейін сайлауға қатысты 36 әкімшілік іс қозғалған. Қазірге дейін 30 іс қаралып, 9 сайлауға қатысушы мен 11 комиссия мүшесі әкімшілік жазаға тартылды.
Сайлау кезінде бірнеше сайлауға қатысушылар өзінің туысқандарының атынан дауыс бермек болғаны анықталған. Мұндай заң бұзушылықтар Алматы облысында, ШҚО-да, Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында орын алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір