• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:58:34
Алматы
+35°

20 Маусым, 2019

Ресейлік шоу-бизнес Димаштан неге қорқады? (видео)

Көпшілік шешінген қыздардың әндерінен, түкке тұрғысыз бейнебаяндардан, мағынасыз әндерден жалықты.

Димаштан ресейлік шоу бизнес өкілдері қорқады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы танымал ресейлік блогер мәлімдеді. 

"Мен Музтв премиясын көрдім. Димаштың 2 әнін аузымды ашып, тамсанып тыңдадым. Қазіргі таңда бүкіл әлем Димаш туралы біледі. Бірақ мен көптеген қарапайым адамдар секілді музыкалық арнаны қоссам, Димаштың бейнебаяндары көрсетілмейді. Неліктен? Суперталант, тіпті миллиондаған жанкүйері бар әлемдегі біртуар әншінің бейнебаяндары телеарналардан берілмейді. Мен оның әнін тыңдадым. Таңғалдым. Бірнеше күн бұрын болған Музтв премиясында Ресейдегі бүкіл әншілер Димаштың әнін тыңдап, жер болды. Олар қанша татуировка салдырса да, қалай билесе де Димаштың деңгейіне жете алмайды. Димаш дені дұрыс костюм киіп, жанды дауыста ән айтты. Әлемдегі аңыз адамдар секілді ән айтып шықты. Ал қазіргі әншілер сахнаны қорлап бітті. Олар тек шешіну арқылы халықтың назарын аударамыз деп ойлайды. Әйелдері де, еркектері де шешінуден жарысып жүр. Сахнаны жын ойнаққа айналдырып, өнерді қорлап бітті. Меніңше Музтв премиясында ең қарапайымы Димаш болды. Қарапайым адамдар секілді сахнаға шығып ән айтты. Бірақ қалай өнер көрсетті?! Көрермендердің бәрі демалды, рахаттанды. Бірақ неге оның хит әндері мен бейнебаяндарын телеарналардан көрсетпейді? Димаштың фантастикалық бейнебаяндары қайда? Бізде кім ерінбейді, бейнебаян түсіреді. Таңертең тыңдаса, кешке ұмтылып кетеді. Мен Димаштың әндерін тыңдағым келеді, бейнебаяндарын көргім келеді. Радиодан да Димаштың әндерін тыңдай алмаймын. Еш жерде жоқ. Америкада, Қытайда, Қазақстанда, Англияда бар. Ресейде жоқ. Неге? Халықтың көбісі Димаштың әндерін интернеттен, Youtube-тан тыңдап жүр. Сол себептен де көрілім саны көп. Ал біздің телеарна мен радио ақша тықпалағандардың түкке тұрғысыз әндерін жарнамалағанды жақсы көреді. Бұл бассыздық қашанға дейін жалғасады? Кейбір радиода 20 әнді қайталап тыңдауға тура келеді. Қашан біз даусы жоқтарды емес, талантты әншілерді дұрыстап бағалауды үйренеміз. Димашты бүкіл әлем біледі. Сондай-ақ ол өзіміздің бауырлас елдің, Қазақстанның азаматы. Неліктен кей адамдар Димаштың әндерін танымал емес дейді. Себебі олар үшін қол-аяғын қимылдатып, түнгі клубта билейтін әндер ғана танымал. Ал Димаштың әніне сіз билей алмайсыз. Себебі оның әнін тыңдау дәрежесіне жету үшін өзіңіздің деңгейіңіз жоғары болу керек. Димаштың әндері қазіргі шоу бизнестің аудиториясына арналмаған. Бірақ мен барлық телеарналардан Димаштың әнін көрсетіп, радиолардан Димаштың әндері жіберілсін деп талап етемін. Көпшілік шешінген қыздардың әндерінен, түкке тұрғысыз бейнебаяндардан, мағынасыз әндерден жалықты. Тіпті халықтың мұндайды көруге еті үйреніп кетті. Ал бұл өте қауіпті.  Халықты жаппай сауатсыз қылғыларың келмесе Димаштың өнерін көрсетуден шаршамаңыздар. Халық Димаштың әндері арқылы тәрбиеленеді, мәдениетті әрі сауатты бола бастайды", - дейді блогер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір